---
title: "Головкин Канелоның жеңілісі туралы айтты"
description: "WBA Super, IBF және IBO-дан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық ..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-07-12T06:23:34+00:00"
modified: "2022-07-12T06:23:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-kanelony-zhe-ilisi-turaly-aytty-971160"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-kanelony-zhe-ilisi-turaly-aytty-971160/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Головкин Канелоның жеңілісі туралы айтты

> WBA Super, IBF және IBO-дан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық ...

WBA Super, IBF және IBO-дан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жектегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Барлығы өз қалпына оралады. Канело - мықты боксшы, 100 пайыз. Бивол да керемет. Ол өте мықты. Бүгінде ол өте мықты. Қазір бәрі өз қалпына келе жатқаны мені қуантады», - деді Головкин DAZN Boxing Show бағдарламасына.

«Маған бір боксшының: «Ей, жігіттер, сендер бокс туралы ешнәрсе түсінбейсіңдер" деген сөзі ұнады. Бұл адамдардың бокста бәрін біліп, бәрін түсіне қоймайтынын көрсетті»,- деді Геннадий.

Еске салайық, 17 қыркүйекте Головкин Канеломен үшінші рет кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena аренасында өтеді, онда алдыңғы екі жекпе-жек өткен еді.

Фото алынды rsport.ria.ru

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/golovkin-kanelony-zhe-ilisi-turaly-aytty-971160](https://yvision.kz/kk/post/golovkin-kanelony-zhe-ilisi-turaly-aytty-971160)