---
title: "Головкин Канелоға қатысты пікір білдірді"
description: "Головкин Сауль ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалғанын еске салып, мексикалықтың..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-07-15T06:23:15+00:00"
modified: "2022-07-16T10:27:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-kanelo-a-atysty-pikir-bildirdi-971386"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-kanelo-a-atysty-pikir-bildirdi-971386/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Головкин Канелоға қатысты пікір білдірді

> Головкин Сауль ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалғанын еске салып, мексикалықтың...

Головкин Сауль ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалғанын еске салып, мексикалықтың pound-for-pound рейтингіндегі орнын қарамағанын айтты.

«Білмедім. Ол туралы мүлде ойламаймын. Ол туралы ойлау үшін көңіл бөлу керек. Оның соңғы жекпе-жегінде жеңілгенін білемін. Одан басқа тағы не айту керек? Маған қарағанда оның жеңілісі көп. Басқа не деймін?» - деп келтіреді боксшының сөзін ESNews сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін үшінші жекпе-жегі алдында Канелоға айтары жоғын мойындады.

«Мен оған не деймін? Мен оған қарадым - оған не айтуым керек? Айтқым келгеннің бәрін айттым. Егер ол мен жаман нәрсе айтты деп ойласа, ойлай берсін. Біз бір-бірімізге қарадық, егер айтқымыз келсе, айтар едік. Көзбе көз ештеңе айтпайды», - деді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді. Біріншісі (2017 жылы) даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде (2018 жылы) мексикалық жеңіске жетті.

Фото алынды sports.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/golovkin-kanelo-a-atysty-pikir-bildirdi-971386](https://yvision.kz/kk/post/golovkin-kanelo-a-atysty-pikir-bildirdi-971386)