---
title: "Головкин биыл тағы үш жекпе-жек өткізеді"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2014 жылы тағы үш жекпе-жек өткізеді, д..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-18T23:25:25+00:00"
modified: "2014-02-18T23:25:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-biyl-ta-y-sh-zhekpe-zhek-tkizedi-401415"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-biyl-ta-y-sh-zhekpe-zhek-tkizedi-401415/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Головкин биыл тағы үш жекпе-жек өткізеді

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2014 жылы тағы үш жекпе-жек өткізеді, д...

[!\[Головкин биыл тағы үш жекпе-жек өткізеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140218133922-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140218133922.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2014 жылы тағы үш жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады [Vesti.kz.](http://vesti.kz/profi/185302/)

Бұл туралы оның промоутері Том Леффлер мәлімдеді, оның сөзін ВКонтакте әлеуметтік желісінде GGG тобы келтірген. Таяудағы жекпе-жек 26 сәуірде өтпек, ал тағы екі жекпе-жек жазға және күздің соңына қарай белгіленген. Алайда қарсыластардың аты-жөндері айтылмаған. Бұған қосарымыз, осы кезге дейін Головкиннің 26 сәуірдегі қарсыласының есімі аталған жоқ. Еске сала кетейік, қазіргі кезде Головкин WBA/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. 26 сәуірдегі кездесу Нью-Йоркте өтеді. Ол GGG үшін кәсіби рингтегі 30-шы кездесу болмақ. Қазақстандық осы кезге дейін бірде-бір рет жеңілместен келеді, соның ішінде 26 рет қарсыласын нокаутқа жіберді.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/golovkin-biyl-ta-y-sh-zhekpe-zhek-tkizedi-401415](https://yvision.kz/kk/post/golovkin-biyl-ta-y-sh-zhekpe-zhek-tkizedi-401415)