---
title: "Үгіт-насихат Амангелді ауданында жалғасуда"
description: "Амангелді ауданы \"NurOtan\" партиясы атынан Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Тлеуб..."
author: "kostanay.nurotan.kz"
published: "2020-12-18T09:46:49+00:00"
modified: "2020-12-18T12:00:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/git-nasihat-amangeldi-audanynda-zhal-asuda-893623"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/git-nasihat-amangeldi-audanynda-zhal-asuda-893623/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үгіт-насихат Амангелді ауданында жалғасуда

> Амангелді ауданы "NurOtan" партиясы атынан Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Тлеуб...

Амангелді ауданы "NurOtan" партиясы атынан Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Тлеубаев Бахытжан Наменұлының сенімді өкілі Багитжанұлы Мұратхан "NurOtan" партиясы Амангелді аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен Үштоғай ауылында «Нұрлы Жол-2015»ЖСШ ұжымы және ауыл тұрғындарымен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде ауыл тұрғындары үміткердің сенімді өкіліне ауыл халқының ауыз су және кіре беріс (5,8 шм) жолдың орындалуы жайлы сұрақтар қойды. Облыстық мәслихат депутатына үміткердің сенімді өкілі қойылған сұрақтарға төмендегідей жауаптар берді. «Nur Otan» партиясы біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруын, әрбір адамның таза суға, сапалы жолдарға қол жетімділігін қолдайды.

![Үгіт-насихат Амангелді ауданында жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/440428/03b3580e6d8d0266f6e86c14ede47d.jpg)

"NurOtan"партиясы Амангелді аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы негізінде 2023 жылы ауылға су тарату пунктін(234 тұрғын) орнату , 2024 жылы Үштоғай ауылына кіретін жолды (5,8 км) орташа жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатынын жеткізді.

"Nur Otan" партиясы барлық аудандардың, яғни бұны нақтылай кетсек: Өңірдің алдағы бес жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының САЙЛАУАЛДЫ бағдарламасын кездесу барысында кандидаттың сенімді өкілі кеңінен түсіндіріп берді, сонымен бірге партияның жетістіктеріне арнайы тоқталып өтті. Сонымен қоса 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен жиналғандарды құттықтап, осы тәуелсіздігіміз үшін опат болғандарды бір сәт еске алуды ұсынып, тағзым жасады.

![Үгіт-насихат Амангелді ауданында жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/440428/6421d45c6fd84ec1a7e858d1f59447.jpg)

Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткердің сенімді өкілі Мұратхан Багитжанұлы жиналғандарды 2021 жылдың 10-шы қаңтарында азаматтық белсенділікпен өздері сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлау учаскілеріне келіп,дұрыс таңдау жасап біздің партия үшін дауыс беруге шақырды. "Nur Otan" партиясы Амангелді аудандық филиалы жанындағы ПБК-ның ұсыныс-талабы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау шаралары түсіндірілді.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сайлау-2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/git-nasihat-amangeldi-audanynda-zhal-asuda-893623](https://yvision.kz/kk/post/git-nasihat-amangeldi-audanynda-zhal-asuda-893623)