---
title: "«Гілі-гілі»"
description: "Кімге керек дәл мұндай тірілігі, Адам екен демейді бірі мұны. Амандасқан түрі ғой, кезіккенге Қол..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-02-18T10:04:32+00:00"
modified: "2018-02-18T10:04:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/gili-gili-797038"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/gili-gili-797038/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Гілі-гілі»

> Кімге керек дәл мұндай тірілігі, Адам екен демейді бірі мұны. Амандасқан түрі ғой, кезіккенге Қол...

Кімге керек дәл мұндай тірілігі, Адам екен демейді бірі мұны. Амандасқан түрі ғой, кезіккенге Қолын ала жүгірер «гілі-гілі».

Шуақ сыйлап көктемнің жылы күні, Жайқалып тұр даланың қыры, гүлі. Осы жайлы біреуге айтсам дейді, Айтатыны сондағы: гілі-гілі...

Шандыр қылған жүрегін сірі мұңы, Көрінбейді түрінен ірілігі. Көрші қызды көргенде күлімдейді, Оған дағы айтқаны: гілі-гілі...

Таза қазақ, білгенге, діні, ділі. Жарасады ақ көңіл інілігі. Қатарласын көргенде қалжыңдасып, Бір сөз айтып қалады: гілі-гілі...

Бір қорласа шықпаған тілі бұны, Тағы да бір қорлайды түрі мұны. Қора жақта кекілін сипап тұрып, Құлынға сыр айтады «гілі-гілі».

...Бір жиынға барып ем бірі күні, Байқалмады шендінің ірілігі. Айтсам дейсің, бәрін де жазсам дейсің, Жазғандағың сондағы: гілі-гілі...

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/gili-gili-797038](https://yvision.kz/kk/post/gili-gili-797038)