---
title: "GetContact қосымшасы заңнамаға қайшы келеді – ҚР АКМ"
description: "ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы GetContact қосымша..."
author: "Zhanalyktar"
published: "2018-02-09T08:21:15+00:00"
modified: "2018-02-09T08:21:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/getcontact-osymshasy-za-nama-a-ayshy-keledi-r-akm-796032"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/getcontact-osymshasy-za-nama-a-ayshy-keledi-r-akm-796032/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# GetContact қосымшасы заңнамаға қайшы келеді – ҚР АКМ

> ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы GetContact қосымша...

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы GetContact қосымшасына қол жеткізу шектелген, себебі жеке деректер туралы заңның бұзылуы болып табылады.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес Министрлік байланыс операторларына және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-на Қазақстан Республикасының аумағынан пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталғандығына байланысты «GetContact» қосымшасын пайдалануды шектеу қажеттігі туралы бұйрық шығарды», - деп «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқа адамдардың контактілер тізімінде қала й сақталғандығыңды көруге мүмкіндік беретін қосымша жақын арада Қазнетте танымал бола бастаған еді. Алайда, пайдаланушылар тек өздерін емес, басқа адамдарды да көріп, олар туралы тек аттарынан бөлек жеке басына қатысты да мағлұматтар көре бастаған, мәселен, адамдар басқа тұлғаны әр түрлі атпен, немесе жеке мекен-жайымен, лақап атпен сақтайды.

Бағдарлама контактінің атын шығарады, бірақ кімде қалай сақталғанын көрсетпейді.

Қазіргі уақытта GetContact-қа кірген кезде тек бағдарлама логотипі көрсетіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/getcontact-osymshasy-za-nama-a-ayshy-keledi-r-akm-796032](https://yvision.kz/kk/post/getcontact-osymshasy-za-nama-a-ayshy-keledi-r-akm-796032)