---
title: "Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 2015 жылдың үздігі атанды"
description: "Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық басылым «Sports Illustrated..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-16T23:53:40+00:00"
modified: "2015-12-16T23:53:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkinni-bapkeri-abel-sanches-2015-zhyldy-zdigi-atandy-668494"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkinni-bapkeri-abel-sanches-2015-zhyldy-zdigi-atandy-668494/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 2015 жылдың үздігі атанды

> Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық басылым «Sports Illustrated...

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық басылым «Sports Illustrated» таңдауы бойынша 2015 жылдың үздік бапкері атанды.

![Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 2015 жылдың үздігі атанды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/d82naK4s1vWx0gDls4ely0DgMNG26m.jpg)

Сондай-ақ, бұл аталымға Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо, Тайсон Фьюридің бапкері Питер Фьюри, өз ұлымен жұмыс істейтін аға Флойд Мейвезер және Скотт Куигг бапкері Джо Галлахер үміткер еді.

Нәтижесінде, басылым журналистері отандасымыз Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчесті таңдаған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkinni-bapkeri-abel-sanches-2015-zhyldy-zdigi-atandy-668494](https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkinni-bapkeri-abel-sanches-2015-zhyldy-zdigi-atandy-668494)