---
title: "Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада медиа-тур өткізбек"
description: "Fightnetwork.com сайтының хабарлауынша Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада пресс-конференция..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-12T23:44:52+00:00"
modified: "2015-08-12T23:47:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkin-men-david-leme-sh-alada-media-tur-tkizbek-529344"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkin-men-david-leme-sh-alada-media-tur-tkizbek-529344/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада медиа-тур өткізбек

> Fightnetwork.com сайтының хабарлауынша Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада пресс-конференция...

Fightnetwork.com сайтының хабарлауынша Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада пресс-конференция ұйымдастыруды жоспарлауда.

![Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада медиа-тур өткізбек](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/3l6cnWbS5EMc093ia5jFE3d27O7Xgl.jpg)

Екі боксшының қатысуымен өтетін медиа-тур 18 тамызда Нью-Йорк қаласында, 19 тамызда Квебекте (Канада) жалғасып, 20 тамызда Лос-Анджелес қаласында аяқталмақ.

Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылдың 17 қазанында (Астана уақытымен 18 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.

Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkin-men-david-leme-sh-alada-media-tur-tkizbek-529344](https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkin-men-david-leme-sh-alada-media-tur-tkizbek-529344)