---
title: "Геннадий Головкин: Алдымызда төрт белбеу үшін болатын маңызды жекпе-жек күтіп тұр"
description: "WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-15T00:38:23+00:00"
modified: "2015-10-15T00:38:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkin-aldymyzda-t-rt-belbeu-shin-bolatyn-ma-yzdy-zhekpe-zhek-k-tip-t-r-581822"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkin-aldymyzda-t-rt-belbeu-shin-bolatyn-ma-yzdy-zhekpe-zhek-k-tip-t-r-581822/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Геннадий Головкин: Алдымызда төрт белбеу үшін болатын маңызды жекпе-жек күтіп тұр

> WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33...

WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен IBF чемпионы Давид Лемье (34-1, 31 КО) Нью-Йорк (АҚШ) қаласында баспасөз мәслихатын өткізді.

![Геннадий Головкин: Алдымызда төрт белбеу үшін болатын маңызды жекпе-жек күтіп тұр](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/e4fM5Y509tbux92u417814493l6M7q.jpg)

«Madison Square Garden» – менің екінші үйіме айналды. Мұнда бірнеше жекпе-жек те өткізіп үлгердім. Мен бұл жердің тарихын құрметтеймін, ал қазір өзім жаңа тарих жазуға атсалысудамын.

Алдымызда төрт белдеу үшін болатын PPV жекпе-жегі күтіп тұр. Бұл өте маңызды күн болғандықтан толқып тұрмын. Лемье - чемпион. Ол мықты жігіт әрі қауіпті боксшы», - деп келтіреді Г.Головкиннің сөзін BoxingScene.com.

Еске сала кетейік, Головкин-Лемье жекпе-жегі Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 18 қазан күні 06:55-те тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkin-aldymyzda-t-rt-belbeu-shin-bolatyn-ma-yzdy-zhekpe-zhek-k-tip-t-r-581822](https://yvision.kz/kk/post/gennadiy-golovkin-aldymyzda-t-rt-belbeu-shin-bolatyn-ma-yzdy-zhekpe-zhek-k-tip-t-r-581822)