---
title: "Генерал-майор Әмір Халықов: «Қазбриг» барлық міндеттерді сапалы орындап шықты"
description: "- Халықаралық келісімге сәйкес Қазақстандық бітімгерші әскерлер құрамы Ресей Федерациясының аумағын..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-10-11T07:02:23+00:00"
modified: "2013-10-11T07:02:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/general-mayor-mir-haly-ov-azbrig-barly-mindetterdi-sapaly-oryndap-shy-ty-378812"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/general-mayor-mir-haly-ov-azbrig-barly-mindetterdi-sapaly-oryndap-shy-ty-378812/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Генерал-майор Әмір Халықов: «Қазбриг» барлық міндеттерді сапалы орындап шықты

> - Халықаралық келісімге сәйкес Қазақстандық бітімгерші әскерлер құрамы Ресей Федерациясының аумағын...

- Халықаралық келісімге сәйкес Қазақстандық бітімгерші әскерлер құрамы Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан «Мызғымас бауырластық-2013» бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысуда.

Кез келген оқу-жаттығу әскери қызметшілер жауынгерлік дағдысының жоғары үлгісі болып табылады. Еліміздің Президенті – біздің Жоғарғы Бас Қолбасшымыз, Қорғаныс министрі бітімгершілік контингентті даярлау мен жарақтандыруға айрықша көңіл бөледі.

Бітімгершілік оқу-жаттығуының басты мақсаты – бітімгершілік міндеттерді орындау, осы оқу-жаттығуға қатысатын түрлі бітімгершілік контингенттердің үйлесімділігін пысықтау. Мен бітімгершілік құрамның, жарақтануы, қару-жарағы, техникасы, біздің бітімгершілік контингенттің машықтануы барлық халықаралық стандарттарға сай келетінін атап өткім келеді. Қазақстандық әскери қызметшілердің жеке құрамы бітімгершілік контингенттің алдында тұрған барлық жаттығу жауынгерлік міндеттерді орындауға қатысты. Ол міндеттер - қарсылас тараптардың арасын ажырату, буферлік аймақ қалыптастыру, жауапкершілік ауданын қоршап алу және оқшаулау, гуманитарлық жүктерге ілесіп жүру және т.б.

Оқу-жаттығу басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің жақсы даярлығын атап өтуде – барлық міндеттер сапалы әрі жоғары бағаға орындалды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/general-mayor-mir-haly-ov-azbrig-barly-mindetterdi-sapaly-oryndap-shy-ty-378812](https://yvision.kz/kk/post/general-mayor-mir-haly-ov-azbrig-barly-mindetterdi-sapaly-oryndap-shy-ty-378812)