---
title: "Генерал-майор Бағдат Майкеев пен полковник Қайрат Баймахановқа Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар табыс етті"
description: "Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғар..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-12-14T03:07:03+00:00"
modified: "2013-12-14T03:11:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/general-mayor-ba-dat-maykeev-pen-polkovnik-ayrat-baymahanov-a-memleket-basshysy-memlekettik-nagradal-389540"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/general-mayor-ba-dat-maykeev-pen-polkovnik-ayrat-baymahanov-a-memleket-basshysy-memlekettik-nagradal-389540/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Генерал-майор Бағдат Майкеев пен полковник Қайрат Баймахановқа Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар табыс етті

> Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғар...

**

![Генерал-майор Бағдат Майкеев пен полковник Қайрат Баймахановқа Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар табыс етті](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/141213/1.jpg)

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас ҚолбасшысыНұрсұлтан Назарбаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеевті наградтады. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы полковник Қайрат Баймаханов Мемлекет басшысының қолынан ІІ дәрежелі айбын орденін алды.**

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 әскери қызметшісі мен қызметкерімемлекеттік наградалармен марапатталды.

**
**

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/general-mayor-ba-dat-maykeev-pen-polkovnik-ayrat-baymahanov-a-memleket-basshysy-memlekettik-nagradal-389540](https://yvision.kz/kk/post/general-mayor-ba-dat-maykeev-pen-polkovnik-ayrat-baymahanov-a-memleket-basshysy-memlekettik-nagradal-389540)