---
title: "Газдың бағасы барлық өңірде бірдей болады"
description: "2016-2018 жылдары еліміздің бес облысында 70 елді мекен газбен қамтылады. Бұл туралы inform.kz жаз..."
author: "minenergo"
published: "2016-07-11T23:58:25+00:00"
modified: "2016-07-11T23:58:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/gazdy-ba-asy-barly-irde-birdey-bolady-701821"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/gazdy-ba-asy-barly-irde-birdey-bolady-701821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Газдың бағасы барлық өңірде бірдей болады

> 2016-2018 жылдары еліміздің бес облысында 70 елді мекен газбен қамтылады. Бұл туралы inform.kz жаз...

![1392686309_prirodnyy-gaz1](http://munara.kz/wp-content/uploads/2016/06/1392686309_prirodnyy-gaz1.jpg)

**2016-2018 жылдары еліміздің бес облысында 70 елді мекен газбен қамтылады. Бұл туралы inform.kz жазады. Ал 2016-2020 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» ұлттық операторынан қосымша қаржы ала отырып, тағы төрт облыстағы халық саны көп 14 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік туады. Қазақстанда министрлердің арасында алғашқылардың бірі болып, халық алдында есеп берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай хабарлаған.**

Газ саласына тоқталсам, 2015 жылы бұл сала дамуға бет алды. 45,3 млрд текше метр газ алынды. Осы жылдың төрт айында өндірілген газ көлемі 15,5 млрд текше метрді құрады. Елімізді газдандыру — басты стратегиялық бағыт екені белгілі. Жалпы, былтырғы көрсеткішке сүйене отырып айтсам, Қазақстанның 43 пайызы газбен қамтылған, — деді сала министрі.

Ал осы саладағы жоспарларын айтқан Қанат Бозымбаев, 2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында 70 елді мекен газбен қамтылатындығын, ал 2016-2020 жылдары елді газдандыру үшін «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы есебінен қосымша қаржы бөлінбек. Осылайша, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 14 ірі елді мекен де газбен қамтылмақ.

– Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бір желісі іске қосылды. Жоба толық қуаттылыққа көшкен соң, еліміздің оңтүстігіндегі алты жүзге жуық елді мекен газбен қамтылады. Сонымен қатар, Қытайға газ экспорттай аламыз,-деді Энергетика министрі.

Қ.Бозымбаев атап өткендей, елімізде көгілдір отынның бағасы «Газ жəне газбен қамту туралы» заңға сәйкес, тауарлық газдың шекті көтерме бағасымен белгіленеді. Ол баға еліміздің барлық облысы үшін бірдей болады.

**Ләззат КЕМЕЛБАЕВА**

 

[http://munara.kz/other/author1kaz/2016/06/06/gazdun-bagasu-barluk-onirde-birdeu-bolodu.html](http://munara.kz/other/author1kaz/2016/06/06/gazdun-bagasu-barluk-onirde-birdeu-bolodu.html)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/gazdy-ba-asy-barly-irde-birdey-bolady-701821](https://yvision.kz/kk/post/gazdy-ba-asy-barly-irde-birdey-bolady-701821)