---
title: "Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы"
description: "Бүгінгі материалымызда қолөнер шебері, жабо жасаушы Гауһар Бағдабаевамен танысамыз. Гауһар Маңғыстау..."
author: "Arsik"
published: "2013-06-14T00:38:33+00:00"
modified: "2013-06-14T00:47:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/gau-ar-ba-dabaevadan-handmade-zhabo-zhasaudy-zholy-357574"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/gau-ar-ba-dabaevadan-handmade-zhabo-zhasaudy-zholy-357574/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы

> Бүгінгі материалымызда қолөнер шебері, жабо жасаушы Гауһар Бағдабаевамен танысамыз. Гауһар Маңғыстау...

*Бүгінгі материалымызда қолөнер шебері, жабо жасаушы Гауһар Бағдабаевамен танысамыз. Гауһар Маңғыстау облысының тумасы. Қазіргі кезде «Маңғыстау Мұнай Газ» АҚ қызмет атқарады.*

*

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/wo151z6h82wNFl88DrCZbdC463VS4m.jpg)

*

Жалпы жабоның не екенін көп адамдар түсіне бермейді, әсіресе ер адамдар жағы. «Жабо» емес, мүмкін «Жоба» шығар деп жөндеп жатқандары да болды. Түсінісбестік болмау үшін, жабо туралы түсінігімізді қалыптастырып алайық.

> Жабо (француз тілінің «jabot» деген сөзінен шыққан) – ол жейде көйлектері (блузка), көйлектер немесе ерлердің көйлектеріне әр түрлі маталар мен кружевалардан әрленіп жасалатын, мойыннан төмен қарата кеуде бойымен төгіліп тұратын жаға түрлерінің бірі. Ол XVII ғасырда ерлер костюмінің бір бөлшегі ретінде ең алғаш рет Европада пайда болған. Ал әйелдер мен балалар киімдерінің сәні болып тек ХІХ ғасырдың орталарында ғана шыға бастаған.

Жабо жасауға деген қызығушылығымнан бұрын, сатып алу, оны тағу, қалай тапсырыс беріп алдыртсам екен деген ой көп мазалаған болатын. Бұл кездері өзім жасаймын, тіпті жасай аламын деген ой тіптен болмады. Жабоны түрлендіріп тігетін Қазақстан дизайнерінен үйренгеніме қуанамын.

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/qWt3uK8v81TXnye52aV33FvUa7cgI0.jpg)

Тапсырыспен тіккен жабомнан гөрі сыйға тіккенім көп. Көбісі туиттер мен инстаграм әлеуметтік желілерінде танысқан сіңлілерім. Мысалы, «Өнеге» журналының бас редакторы, «Парасат Production» ЖШС-нің бас директоры, тележурналист Гүлнұр Әбиділдақызы (Алматы қаласы)

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/0C16bd8L3XNVCC2emGgbDbQ3VgAQtu.jpg)

«Жарайсың» сазды ақпараттық бағдарламасының редактор-сценаристі, журналисті Бақытжамал Садырбай (Алматы қаласы) және тағы басқа көптеген сұлу қазақ қыздары.

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/e45Z3QoD6ernUSua43tPoK67hy81sP.jpg)

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/prop9BJBhAiGMvEZnsEv7B9UgJ93Lo.jpg)

Қазақстандық дизайнерлердің киім үлгілеріне деген қызуғышылығымның өзі қызық басталған болатын. Алматыға тұрмысқа шыққан қайын апам бар, сол кісінің ерекше киіну үлгісі маған қатты ұнайтын. Күндердің күнінде апам Ақтауға қыдырып келген, үстіне әдемі пальто киіп келмесі бар ма? Содан ол AidaKaumeNOVA-ның тіккен пальтосы екенін айтты. Сол кезден бастап Кауменова Аиданың сайтын қарай бастадым. Жабоны да сол сайттан көріп, 2012 жылдың қазан-қараша айларынан бастап өзіме тіге бастағанмын, қыздарға ұнайды деген ой болмаған. Жалпы қыз баланы бойжеткенде, анасы ине ұстауды үйретеді ғой. Сол сияқты мені де анам инені сабақтау, оны дұрыстап ұстау, жіпті түймелеу, ілгекті түйреу және т.с.с. үйретті. 7 сыныпта еңбекке баулу сабағынан Зейнеп апайымыздың үйретуімен кілем тоқығаным да бар. Жалпы тігуге деген құлшынысымның іргесін қалаған анам мен Зейнеп апайым деп айтсам кем емес. Ал жаболарға келетін болсам, дайын жаболарды интернеттен көріп жүріп, өз ойымдағы үлгіге салып тігу – ол өз еңбегім деп ойлаймын.

Жабо тігу өзімнің негізгі жұмысыма ешқандай кедергісі жоқ, себебі ол менің жеке ісім, онымен тек бос уақытым болған жағдайда ғана айналысамын.

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/2CCUJwdOm5OD698yGC0YN50HRnJJkq.png)

*Бүгін арнайы "Екпін" оқырмандары үшін Гауһар жабо тігудің құпиясын ашып отыр.*

*

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/XUdoI0ei3G8tQ5lp7V20E1JbPckIDJ.jpg)

*

**Қажетті заттар:** қатты мата, түрлі түсті тесьмалар, жұқа лента (қызылы болмағасын көк, қараны шығардым), брошь, жіптер және қайшы.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/FGOqj25sz50dgAtS0xrahAoUWutSqr.jpg)

**

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/G9Twye2614BIdYl1iwueDK9ILaOi5w.jpg)

**

Алдымен қажетті пішінді қиып аламыз.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/C5x848EH4ZSi637HT1QxzkdJhCxijX.jpg)

**

Жабоның негізін тесьманы жиегіне тігуден бастаймыз.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/nvoy7661TKtyEH58853JxhDzVJZTJ9.jpg)

**

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/GanbJM08g0D4nut2t0DmK0enfL85FG.jpg)

**

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/8H3BDLbqUiJFv9S2Lf5Y6rY6c1P2Li.jpg)

**

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/uUVryy2Y0w834klhng7PVrLsKxTr3n.jpg)

**

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/onHuy1ovsKEAnB8T7QzcknaAx713p0.jpg)

**

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/dD8cZ3C9UVKaEG2zDa07175po8oFuG.jpg)

**

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/OH0L6z1wYaey1PwK4560T5o0Ezse84.jpg)

**

Броштың түсі ақ болғандығын ескере отырып алтыншы қабатты қызылмен аяқтаймыз.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/OqBtAB8GC0FM9d04GcEHGWaD64vBEM.jpg)

**

Басты кескіні дайын!

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/4MGCjpL09uGd1YsxJ9DY5r009T1pZ9.jpg)

**

Жоғарғы жолақ қалың болуы үшін екі тесманы қарама-қарсы етіп тігеміз.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/D6liJ6yhZ3ewPbRjjB1bG01h6C2OIF.jpg)

**

Бұл әлі тігілмеген күйі.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/8GvlVJtNG4wwNljOWqKX690pqt84KV.jpg)

**

Арты осындай болады, оны қаптауымыз керек.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/F0e54HKaw33xnbx1u2ju8iUJ5klyFO.jpg)

**

Қаптау үшін атлас матаны қолданамыз. Мен жабоның түсіне сәйкес қызыл атласты таңдадым.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Z4Xru931x3lduY7NA8FViEHnJSf16H.jpg)

**

Жабоның пішіні бойынша қиылған матаның шеттерін бүктеп, инелермен түйрейміз.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/GT7Zw0J6zzqmWNKbH52MhaPRfW0ETr.jpg)

**

Енді шеттерін тігіп шығамыз.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/6L2923z7DeDhsL65CxN1833qXfM7bY.jpg)

**

Жабоның ішкі беті.

**

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/CfmFX9zx6jbMS5vW2ogOxGY9RUBB9G.jpg)

**

Жабо дайын!

![Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/6NC7lnpulB9sqI2v0BI9oGhuS65X9L.png)

*Сұхбаттасқан: Айнұр Ракишева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/gau-ar-ba-dabaevadan-handmade-zhabo-zhasaudy-zholy-357574](https://yvision.kz/kk/post/gau-ar-ba-dabaevadan-handmade-zhabo-zhasaudy-zholy-357574)