---
title: "Г. Воскобоева «Уимболдон» біліктілік кезеңінің жартылай финалына шықты"
description: "Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева үшінші маусымдағы «Үлкен шлемнің» «Уимблдон» тартысында..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-19T03:27:44+00:00"
modified: "2013-06-19T03:27:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-voskoboeva-uimboldon-biliktilik-keze-ini-zhartylay-finalyna-shy-ty-358336"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-voskoboeva-uimboldon-biliktilik-keze-ini-zhartylay-finalyna-shy-ty-358336/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Г. Воскобоева «Уимболдон» біліктілік кезеңінің жартылай финалына шықты

> Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева үшінші маусымдағы «Үлкен шлемнің» «Уимблдон» тартысында...

[!\[Г. Воскобоева «Уимболдон» біліктілік кезеңінің жартылай финалына шықты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/i1.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/i1.jpg)

 

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева үшінші маусымдағы «Үлкен шлемнің» «Уимблдон» тартысында біліктілік кезеңінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы [Vesti.kz.](http://vesti.kz./) жазып отыр. Іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында 28 жастағы жерлесіміздің ракеткасы одан 4 жас кіші франциялық Ирена Павловичпен түйісті. Кездесу тартысты өтті. Алғашқы сетте 7:5 есебімен Воскобоева қарсыласын ұтса, келесі партиядағы тай-бректе 7:6 есебімен Павлович басым түсті. Бірақ қорытынды ойында тәжірибесі мол қазақстандық теннисші 6:1 есебімен ұтты. Айта кеткен жөн, бұған дейін жарыстың аталмыш кезеңіне қазақстандық Сесиль Каратанчаева өткен-ді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/g-voskoboeva-uimboldon-biliktilik-keze-ini-zhartylay-finalyna-shy-ty-358336](https://yvision.kz/kk/post/g-voskoboeva-uimboldon-biliktilik-keze-ini-zhartylay-finalyna-shy-ty-358336)