---
title: "Гүлнұр Ерболова Универсиадада қола жүлдені жеңіп алды"
description: "Қазақстандық спортшы Гүлнұр Ерболова (52 кг) Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиададағы белбеумен..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-09T02:28:34+00:00"
modified: "2013-07-09T02:28:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-ln-r-erbolova-universiadada-ola-zh-ldeni-zhe-ip-aldy-361805"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-ln-r-erbolova-universiadada-ola-zh-ldeni-zhe-ip-aldy-361805/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Гүлнұр Ерболова Универсиадада қола жүлдені жеңіп алды

> Қазақстандық спортшы Гүлнұр Ерболова (52 кг) Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиададағы белбеумен...

[!\[Гүлнұр Ерболова Универсиадада қола жүлдені жеңіп алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/photo_27997.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/photo_27997.jpg)

Қазақстандық спортшы Гүлнұр Ерболова (52 кг) Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиададағы белбеумен күресте қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды [Bnews.kz](http://sports.kz/).

Үшінші орынға тартыста қазақстандық спортшы Украина өкілі Людмила Матюшенконы шаң қаптырып кетті – 9:2.

Еске сала кетсек, кеше дәл осы жарыста Димаш Молдашев (75 кг) Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салса, Аян Ермекбаев (82 кг) қола медальді иеленді

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/g-ln-r-erbolova-universiadada-ola-zh-ldeni-zhe-ip-aldy-361805](https://yvision.kz/kk/post/g-ln-r-erbolova-universiadada-ola-zh-ldeni-zhe-ip-aldy-361805)