---
title: "Гүлдәрия Қастеева: Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын"
description: "Әбілхан Қастеев - қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушы. Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі - ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-08T23:53:46+00:00"
modified: "2015-11-08T23:53:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-ld-riya-asteeva-kemni-suret-saluda-y-tabandyly-y-erekshe-bolatyn-635955"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-ld-riya-asteeva-kemni-suret-saluda-y-tabandyly-y-erekshe-bolatyn-635955/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Гүлдәрия Қастеева: Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын

> Әбілхан Қастеев - қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушы. Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі - ...

Әбілхан Қастеев - қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушы.

![Гүлдәрия Қастеева: Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/50GT1bF5lL3eb7F3em0q6BaVV3dhME.png)

Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі - Алматыдағы орны бөлек мәдениет нысандарының бірі.

Қазақ бейнелеу өнерінің атасы бұл үйде 1958-1973 жылдары тұрған. Мұнда суретшінің кезінде тұтынған дүниелері мен 100-ге тарта жұмысы қойылған. Шебердің қарындашпен, қылқаламмен салған алғашқы туындыларын да осы мұражайдан көруге болады.

«Мұнда жиі келетіндер - бейнелеу өнерін меңгеріп жүрген жастар, танымал суретшілер мен шебердің көзін көргендер», дейді мұражай-үйінің директоры Еркін Нұразхан.

Қолданған заттарының ішіндегі ең құндысы - сурет салуға арналған құрал-саймандары. Бұлардың бәрін суретші өз қолымен жасаған екен. Қызы Гүлдәрия Қастеева «Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын», деп еске алады.

Толығырақ [«Таңшолпанда».](http://tankaz.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/g-ld-riya-asteeva-kemni-suret-saluda-y-tabandyly-y-erekshe-bolatyn-635955](https://yvision.kz/kk/post/g-ld-riya-asteeva-kemni-suret-saluda-y-tabandyly-y-erekshe-bolatyn-635955)