---
title: "Г.Әбдіқалықова: ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталыққа айналады"
description: "ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталық болады, ҚР Мемлекеттік х..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-11-25T00:20:00+00:00"
modified: "2015-12-02T00:37:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-bdi-aly-ova-ha-eldegi-ayyrymdyly-yzmet-pen-mediaciyany-damytudy-biriktiretin-ortaly-a-aynalady-652020"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-bdi-aly-ova-ha-eldegi-ayyrymdyly-yzmet-pen-mediaciyany-damytudy-biriktiretin-ortaly-a-aynalady-652020/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Г.Әбдіқалықова: ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталыққа айналады

> ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталық болады, ҚР Мемлекеттік х...

ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталық болады, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

«ҚХА елдің қайырымдылық қызметін біріктіруші орталыққа айналады. Бұл әлеуметтік түсінушілік пен достық, сенімділік тің өзара жүйесінің байланысы. Дауларды шешетін медиация орталығы құрылды. Астана және Алматы әкімдері, облыс әкімдеріне өңірлік достық үйлерінде медиация орталығын құру тапсырылды. Сондай-ақ, қоғамдық бақылау саласында жаңа әдістер қаралды, қазіргі таңда осы жұмысты 1722 қоғамдық келісімнің кеңесі атқаруда. Олар өңірлерде 2500 шара өткізді. Бұл қоғамның әлеуметтік қажеттілігін көрсетеді», - деді Мемхатшы.

Ассамблея Кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері іске асырып жатқан жұмыстардың маңыздылығын айқындай отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ассамблея жылы еліміздің әрбір азаматының жүрегіне жол табуда ұстанған мақсатқа жетуге мүмкіндік бергендігін атап өтті.

Айта кетейік, конференцияға ҚР Президенті Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволар, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.

«Жасақталған ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын жалпыұлттық, конституциялық орган ретінде одан ары дамыту және қазақстандық біртұтастықлық пен біркелкілікті қалыптастырудағы ролін арттыру болады. Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» идеясын алға жылжыту және Біртұтас ұл болашағын қалыптастыру», - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

«Жалпыұлттық құндылықтарды, заң үстемділігін, конфессияаралық келісімді нығайту қазақстандық біркелкілік пен біртұтастылықтың негізі. Қазақстанның барлық азаматтарына ешқандай шектеусіз объективті әлеуметтік реформалар жасақтау және үш тұғырлы тілді дамыту. Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негізіне этносына қарамастан күллі мемлекет азаматтарының қоғамы принціпі салынған», - деп сендірді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Оның айтуынша, «Мәңгілік Ел» - ол жалпыұлттық идея, ол біздің ортақ стратегиялық мақсатымыз, ол қазақстандық құндылықтар мен бірлікті, келісімді қалыптастыратын жүйе.

«Мемлекет басшысы – тұрақтылық кепілі, егеменді мемлекеттің негізін қалаушы. Ал, халық мемлекеттік биліктің жалғыз көзі, тағдыры, тарихы бір халық қана ұлт қалыптастыра алады», - деді Г. Әбдіхалықова.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/28597/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/g-bdi-aly-ova-ha-eldegi-ayyrymdyly-yzmet-pen-mediaciyany-damytudy-biriktiretin-ortaly-a-aynalady-652020](https://yvision.kz/kk/post/g-bdi-aly-ova-ha-eldegi-ayyrymdyly-yzmet-pen-mediaciyany-damytudy-biriktiretin-ortaly-a-aynalady-652020)