---
title: "Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары..."
author: "MalikaD"
published: "2015-05-29T05:15:00+00:00"
modified: "2015-06-01T00:10:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-bdi-aly-ova-aza-standa-zhalpy-ltty-tarihi-sanany-alyptastyru-zh-ninde-zh-yeli-zh-mystar-zh-rgizilu-505944"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/g-bdi-aly-ova-aza-standa-zhalpy-ltty-tarihi-sanany-alyptastyru-zh-ninde-zh-yeli-zh-mystar-zh-rgizilu-505944/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Г.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырылған саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған жыл сайынғы жоба шеңберіндегі «Шерлі шежіре аманаты» халықаралық форумына қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/malikad/wo79rf6B8Xl6urd9G7v668rKra6n1J.jpg)

> Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі алаңында Еске алу акциясына, «Батыс Қазақстан облысының тарихы – жасампаздық пен жетістіктер жолы» атты құжаттық-экспонаттық көрмесіне қатысып, «Мәңгілік Ел» - ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына арнап кіріспе сөз сөйледі. Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, тарихи мұраны зерделеу және сақтау, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ілгерлетуге бағытталған жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Конференцияда сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, белгілі қазақстандық ғалымдар, ТМД, АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген шетелдік сарапшылар сөз сөйледі.

> Түстен кейін, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей ордасы ауданында орналасқан Бөкей ордасы тарихи-мұражайлық кешенде болды. Г.Әбдіқалықова кешендегі тарихи экспонаттармен танысып, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Бұған қоса, Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарының аясында Батыс Қазақстан облысының әйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамды, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруда әйелдер қауымының белсенді қатысуы және отбасы-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарының қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі [strategy2050.kz](http://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/g-bdi-aly-ova-aza-standa-zhalpy-ltty-tarihi-sanany-alyptastyru-zh-ninde-zh-yeli-zh-mystar-zh-rgizilu-505944](https://yvision.kz/kk/post/g-bdi-aly-ova-aza-standa-zhalpy-ltty-tarihi-sanany-alyptastyru-zh-ninde-zh-yeli-zh-mystar-zh-rgizilu-505944)