---
title: "Футболдан бірінші лига құрамы бекітілді"
description: "Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төтенше комитеті биылғы маусымда бірінші ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-11T23:33:30+00:00"
modified: "2014-02-11T23:33:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futboldan-birinshi-liga-ramy-bekitildi-400205"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futboldan-birinshi-liga-ramy-bekitildi-400205/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Футболдан бірінші лига құрамы бекітілді

> Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төтенше комитеті биылғы маусымда бірінші ...

[!\[Футболдан бірінші лига құрамы бекітілді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/photo_1021-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/photo_1021.jpg)

Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төтенше комитеті биылғы маусымда бірінші лигада додаға түсетін командалар құрамы мен ойындар күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды [Tengrinews.kz](http://kaz.tengrinews.kz/). Биыл бірінші лигадағы командалардың саны бір ұжымға қысқарып, 15 болды. Атап айтқанда, алдағы маусымда ел чемпионатының бірінші лигасында мына командалар додаға түседі: «Восток» (Өскемен), «Ақжайық» (Орал), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Қызылжар» СК (Петропавл), «Каспий» (Ақтау), «Астана-1964″ (Астана), «Қыран» (Шымкент), «Жетісу-Сұңқар» (Талдықорған), «Гефест» (Қарағанды), «Екібастұз» (Екібастұз), «Болат»» АМТ (Теміртау), «Лашын» (Қаратау), «Бәйтерек» (Астана), «Мақтаарал» (ОҚО, Мақтаарал ауданы), ЦСКА (Алматы). Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, биыл ел біріншілігіне Алматы облысынан тек бір команда ғана қатысады. Ол – «Жетісу-Сұңқар». Ал былтыр бұл облыстан екі команда додаға түскен: «Іле-Сәулет» және «Сұңқар». Биыл «Сұңқар» премьер-лигадағы «Жетісу» клубының қанатының астына өткендей. Бірінші лига додасы әдеттегідей екі айналымдық жүйе бойынша өтеді. 6 сәуірде басталып, 8 қарашада мәресіне жетеді.

Тектес:[Футбол](http://kaz.tengrinews.kz/tag/%D0%A4%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB)

Осы жердесіз: [Негізгі бет](http://kaz.tengrinews.kz/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/sports/) » [Футбол](http://kaz.tengrinews.kz/football/) [Толығырақ:](http://kaz.tengrinews.kz/football/)[http://kaz.tengrinews.kz/football/futboldan-brnsh-liga-kuramyi-bektld-811/](http://kaz.tengrinews.kz/football/futboldan-brnsh-liga-kuramyi-bektld-811/) материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futboldan-birinshi-liga-ramy-bekitildi-400205](https://yvision.kz/kk/post/futboldan-birinshi-liga-ramy-bekitildi-400205)