---
title: "Футболдан Қазақстан құрамасының матчтары бейтарап аумақта өтеді"
description: "Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі әйелдер ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы..."
author: "messironaldovich"
published: "2023-11-13T08:29:52+00:00"
modified: "2023-11-13T08:29:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ramasyny-matchtary-beytarap-auma-ta-tedi-997515"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ramasyny-matchtary-beytarap-auma-ta-tedi-997515/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Футболдан Қазақстан құрамасының матчтары бейтарап аумақта өтеді

> Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі әйелдер ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы...

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі әйелдер ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы матчтары туралы мәлімдеме жасады.

![Футболдан Қазақстан құрамасының матчтары бейтарап аумақта өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/574848/31a32748f84104a1de22791cb8cdf7.png)

«УЕФА Әйелдер арасындағы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі Қазақстан – Израиль (23 қараша) және Израиль – Қазақстан (26 қараша) матчтары бейтарап аумақта өтеді.

Қазір Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-мен бірлесіп, кездесу өтетін орынды анықтау бойынша келіссөздер жүргізуде. Ойындардың өтетін орны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ramasyny-matchtary-beytarap-auma-ta-tedi-997515](https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ramasyny-matchtary-beytarap-auma-ta-tedi-997515)