---
title: "Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия командасымен ойнайды"
description: "Қазақстан мен Грузияның ұлттық құрамасы Астанада жолдастық кездесу өткізеді. Мұндай уағдаластыққ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-05-27T22:21:52+00:00"
modified: "2013-05-27T22:21:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ltty-ramasy-gruziya-komandasymen-oynaydy-354712"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ltty-ramasy-gruziya-komandasymen-oynaydy-354712/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия командасымен ойнайды

> Қазақстан мен Грузияның ұлттық құрамасы Астанада жолдастық кездесу өткізеді. Мұндай уағдаластыққ...

[!\[Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия командасымен ойнайды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/b7713802e494911356efabc351a9c8e1-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/b7713802e494911356efabc351a9c8e1.jpg)

 

Қазақстан мен Грузияның ұлттық құрамасы Астанада жолдастық кездесу өткізеді. Мұндай уағдаластыққа екі ел федерация басшыларының деңгейінде қол жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Sports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Грузия УЕФА рейтингісінде 40-шы, ФИФА рейтингісінде 96-орында тұр. Ең атақты ойыншылары ретінде Леван Кобиашивили («Герта» Германия) мен Александр Иашвилиді («Бохум») атауға болады. Әлем чемпионаты –2014 іріктеу кезеңіндегі команда көшбасшылары: Александр Амисулашвили («Крылья Советов») және Джаба Канкава («Днепр» Украина).

Грузия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы – Темури Кецбая, жұрт оны кипрлік «Анортосис» командасындағы жемісті еңбегінің арқасында жақсы таниды. Кецбая ағылшынның «Ньюкасл» және грекиялық АЕК командаларында ойнаған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ltty-ramasy-gruziya-komandasymen-oynaydy-354712](https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ltty-ramasy-gruziya-komandasymen-oynaydy-354712)