---
title: "Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылады"
description: "2015 жылдың басында Ұлттық құрама футболшылары рейтингте 139-орында еді. Футболдан Қазақстан Ұлттық..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-07T12:08:26+00:00"
modified: "2015-12-07T12:08:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ltty-ramasy-fifa-reytinginde-2-saty-zho-arylady-666179"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ltty-ramasy-fifa-reytinginde-2-saty-zho-arylady-666179/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылады

> 2015 жылдың басында Ұлттық құрама футболшылары рейтингте 139-орында еді. Футболдан Қазақстан Ұлттық...

2015 жылдың басында Ұлттық құрама футболшылары рейтингте 139-орында еді.

![Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/fnR3SGBxdWJ9vZ2H2c4uGhUqPH8YE0.jpg)

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы желтоқсан айындағы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылап, 2015 жылды 129-орынмен аяқтады.

Жыл басында Юрий Красножан шәкірттері рейтингте 139-орында тұрған еді. Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы жалпы саны 9 ойын өткізді. Оның 6 ойыны Еуро-2016 турнирі аясында өтсе, 3 ойын жолдастық кездесу.

9 ойында Ұлттық құрама футболшылары 1 рет жеңіске жетіп, 4 ойында тең ойнаса, 4 ойында жеңілген.

ФИФА рейтингі, 3 желтоқсан:

1 (1). Бельгия - 1440 ұпай

2 (3). Аргентина - 1383

3 (6). Испания - 1370

4 (2). Германия - 1347

5 (5). Чили - 1273

6 (8). Бразилия - 1251

7 (4). Португалия - 1219

8 (7). Колумбия - 1211

9 (9). Англия - 1106

10 (10). Австрия - 1091,

...129 (131).

- Қазақстан - 266

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ltty-ramasy-fifa-reytinginde-2-saty-zho-arylady-666179](https://yvision.kz/kk/post/futboldan-aza-stan-ltty-ramasy-fifa-reytinginde-2-saty-zho-arylady-666179)