---
title: "«Футбол театры-жанкүйермен менеджерден клуб президентіне дейін» кітабы"
description: "КІТАПТЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ НЕМЕСЕ ЖАЛПЫДЕН ЖЕКЕГЕ ӨТУ Футбол десе ішкен асын жерге қоятын адал жүрек жа..."
author: "Shamken97"
published: "2017-04-27T11:45:33+00:00"
modified: "2017-04-27T11:49:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-teatry-zhank-yermen-menedzherden-klub-prezidentine-deyin-kitaby-765100"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-teatry-zhank-yermen-menedzherden-klub-prezidentine-deyin-kitaby-765100/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Футбол театры-жанкүйермен менеджерден клуб президентіне дейін» кітабы

> КІТАПТЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ НЕМЕСЕ ЖАЛПЫДЕН ЖЕКЕГЕ ӨТУ Футбол десе ішкен асын жерге қоятын адал жүрек жа...

**КІТАПТЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ НЕМЕСЕ ЖАЛПЫДЕН ЖЕКЕГЕ ӨТУ**

**Футбол десе ішкен асын жерге қоятын адал жүрек жанкүйерлермен былғары доп мамандарына ҚҰЛАҚҚАҒЫС!**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/shamken97/8Fbii1xIX9E3RuYbXiV8R728e9KRHm.jpg)

**Кітаптың мұқабасы**

Қазір спорттың қай түрі болсын аты алысқа кеткен немесе көрші елдермен салыстыруға құмар екеніміз рас. Иә, енді нені құлаққағыс қылғалы тұрғанымызға қарай ойыссақ. Өткен апта дәлірек айтсақ, 20 сәуір күні теріскейдегі көршіміздің футбол тарихы тың жинақпен толықты. Мәскеудегі «Эскмо» баспаханасынан шығатын «Футбол театры-жанкүйермен менеджерден, клуб президентіне дейін» деп аталатын бұл кітап Ресей футболының бүгінгі бас қатырарлық мәселелері мен әлем біріншілігі қарсаңындағы елдегі аяқдоптың аяқ алысын ой иелегінен бір өткізіп көріпті. Кітап авторлары «СА –Футбол агентігінің» президенті Алексей Сафоновпен «Футбол» және «Советский спорт-футбол» апталықтарының шолушысы, журналист-Максим Михалко қазіргі «Ростовтың» вице-президенті, атан жілік, арқар мүйіз жаттықтырушысы Құрбан Бердыевке ерекше толқалып, қырағы бапкердің құпияларын, ерекшеліктерін оқырмандарымен бөліскенді жөн көріпті. Жалпы кітапқа 40-қа жуық кейіпкердің пікірі енгізілген. Бұл қатар жанкүйерден алаңдағы төреші, клуб агенттерімен жалғасады. Әрине, аталған жайт сізді де қызықтырғаны сөзсіз. Себебі, 64 жастағы Бекидің ұлы Құрбан дегенде біздің футболсүйер қауымның да көңілі ерек.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/shamken97/f8F5oZGOF91u3AYpe4nFyGIty3QZly.jpg)

"Сабыр түбі сары алтын"

**1.Ойыннан кейін бірден сынның астына алмайды**

Рубиннің қақпашысы Сергей Рыжиков бұрыңғы бапкері туралы былай дейді. «Құрбан Бердыев пен Фабио Капеллоның ойыннан кейінгі сараптауларына қарап екеуінің арасында көп ұқсастықтың барын байқауға болады. Алаңда ойыншыларға қойылатын талаптары, футболға деген көзқарастарына келгенде де ойлары бір жерден шығады деуге болады. Ал әрбір ойыншының өзіне тән тосын мінездерінің барлығына қарамастан олардың тілін тауып, айтқанына көндіруге келгенде бұны одан басқа ешкім жақсы істей алмайтындай көрінеді. Оның ойыншыларды сынауына қарап, кәсібилігінің жоғары екеніне шек келтірген емеспін. Әрине, ол да ет пен сүйектен жаралған адам емес пе. Кейде эмоцияға ерік беретіні анық. Бұл қатарға мен Бердыев бапкердің «Рубинде» бізді жаттықтырған кезде ойыннан кейін эмоцияға ерік беріп қызбалыққа салынған бірнеше сәттерін ғана айта аламын. Әдетте ол ойыннын соң бірден сын-ескертпе жасамауға тырысады. Себебі, сол кезде айтылатын сөздің бәрі ақтық ысқырықтан кейінгі артық эмоцияның әсері екенін терей түсінеді. Тіпті Бердыев мырзаның маған деген ескертпелері болса, оны қақпашылардың жаттықтырушысы Виталий Кафановқа айтатын. Ал өз кезегінде сол ескертпелер Виталий Кафановтан маған жететін».

![](https://storage.yvision.kz/images/user/shamken97/4YoYq5pe606W6Jt5r5Daz9YJ4b4JT9.jpg)

 

**2.Ойыншы танытқан ұқыпсыздықты бәрінен бұрын байқайды**

«Мен Бердыевтің футболды қаншалықты терең білетінін «Рубинмен» енді премьер-лигаға шығып, ойыншылар құрамын толықтырумен айналысқанда түсіндім»,- дейді Литваның «Атлантас» клубының бас бапкері Константин Сарсания. Сөзін осылай ағынан жарылумен бастаған агент бұл кітапта әрі қарай ойын былай өрбітеді. «Әсіресе, ол орталық қорғаушыларды таңдауға келгенде көп мән береді. Ойыншылардың жаттығуына қарап, кейде ойында жіберіп алған голға, қауіпті сәтті талдап отырып: «Мұқият қара, сырт көзге қорғаушы бәрін дұрыс жасағандай көрінеді. Бірақ сәл баяу қимылдап, допты тартып ала алмады, содан соң соққыға тосқауыл болу үшін аяғын созбады. Сайып келгенде қарсылас қауіпті шабуыл ұйымдастырады немесе гол соғады. Алайда қорғаушыда бұның алдын алатын мүмкіндік болды»-, дейтін. Сайып келгенде Бердыевке осындай «сәл баяу қимылдады», «жарты адым үлгермеді» ,«аяғын қойып үлгермеді» деген әрекеттерге сүйеніп ойынды бағалайтын маман.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/shamken97/P3qK3bh3k03lRpnNVaLmTCoePkdK8B.jpg)

**3.Нәтижеге қатысты нәрселер басты назарда**

Құрбан Бердыев өз командасына оның нәтижесіне қатысты нәрсенің бәріне өте мұқият қарайды. Бұны оның қарамағындағы барлық ойыншылар жақсы біледі. Мысалы, өзге қалада ойын өткізіп, ұшақпен Қазанға қайтар жолда әрбір ойыншының аяқ бұлшық еттерін қайта қалпына келтіретін рейтузды киюін жеке қадағалайтын көрінеді. Түптеп келгенде бұл келесі ойында футболшылардың ойынына, одан кейін жалпы ұжымның нәтижесіне әсер ететін бірден-бір фактор екені айтпасада түсінікті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/shamken97/5x89K2q0pDQuFU9xq7PIXR1Lmym6Lr.jpg)

**4. Жылдамдық жаттығудың маңызды элементі**

«Рубиннің» құрамын 33 жасында толықтырған Алексей Медведев Бердыевтің қол астында жаттыққан сәттен бастап жарты жылдан кейінгі нәтижені былай сипаттапты. «Мен шеберлігім толысқанын әр бір жаттығудан соң сезінетінмін. Себебі, бұрын қиын болған элементердің өзін ойын барсында мүлтіксіз орындайтын халге жеттім. Өйткені бапкеріміз жаттығудың барлығын барынша жылдам орындауымызды талап ететін». Мен Құрбан Бекиұлынан бұның маңыздылығы туралы сұрағанымда, ол: «ойын мен жаттығуға бірдей қараған жөн. Өйткені жаттығу үстінде үлкен қысым мен қарсылық барысында жылдам жасалған жаттығу сен үшін ойын басыныда үйреншікті жайтқа айналады»,- деген еді. Сондықтан қазір өз басым, жаттығуға ерекше көңіл бөлетін болдым.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/shamken97/49HaRk2vNlwPXcIa6FxHuR14x201h5.jpg)

Иә, бізде қашанда қарсыласқа бір бармағы бүгулі жататын білгір маманның өзіндік тәсілдерін тізбектеуді тоқтатайық. Кітаптан да оқитын дүние қалдырайық. Біздік мақсат: сіздерді аңдату. Қызығып жатсаңыз біздің елде де осындай дүние жарыққа шыққанша кітапты міндеттті түрде оқып көріңіз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futbol-teatry-zhank-yermen-menedzherden-klub-prezidentine-deyin-kitaby-765100](https://yvision.kz/kk/post/futbol-teatry-zhank-yermen-menedzherden-klub-prezidentine-deyin-kitaby-765100)