---
title: "Футбол: премьер-лига жолдамасы үшін тартыс шиеленісе түсті"
description: "Сенбі күні футболдан бірінші лига командалары арасында ел біріншілігінің кезекті турынан кейін пр..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-27T04:46:06+00:00"
modified: "2014-10-27T04:46:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-premer-liga-zholdamasy-shin-tartys-shielenise-t-sti-436014"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-premer-liga-zholdamasy-shin-tartys-shielenise-t-sti-436014/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Футбол: премьер-лига жолдамасы үшін тартыс шиеленісе түсті

> Сенбі күні футболдан бірінші лига командалары арасында ел біріншілігінің кезекті турынан кейін пр...

[!\[Футбол: премьер-лига жолдамасы үшін тартыс шиеленісе түсті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20140813141224-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20140813141224.jpg)

Сенбі күні футболдан бірінші лига командалары арасында ел біріншілігінің кезекті турынан кейін премьер-лига жолдамасы үшін тартыс шиеленісе түсті.

Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында Шымкенттің «Қыранын» 3:1 есебімен ұтып, 58 ұпаймен жекедара көш бастады. «Қыран» 54 ұпаймен екінші орында қалса, одан кейінгі үш команданың ұпайлары теңесті. Оралдың «Ақжайығы» Өскеменде «Востокпен» 2:2 есебімен тең ойнады. Мұнда батысқазақстандықтардан әуелі Алексей Мальцев есепті теңестірсе, қонақтардың бір ойыншысы кем болғанына қарамастан (Махир Карич 76-минутта алаңнан қуылды), 90-минутта Сергей Лисенков «Ақжайыққа» бір ұпайды алып берді. Сол секілді Ақтаудың «Каспийі» де Екібастұзда 1:1 есебімен тең ойнап, ұпай жоғалтты. Есесіне елордалық «Астана-1964» өз алаңында Алматының ЦСКА командасын 2:0 есебімен ұтып, 52 ұпай жинап, «Каспий» мен «Ақжайықты» қуып жетті. Бірінші лигада маусымның аяқталуына екі-ақ тур қалды. 2 қараша күні «Ақжайық» өз алаңында «Астана-1964» командасын қабылдайды. «Қыран» Шымкентте «Востокпен» күш сынасады. «Каспий» чемпионатпен қош айтысқан «Гефестпен» ойнамай-ақ үш ұпайға ие болса, «Оқжетпес» Мақтааралда көш соңындағы жергілікті командамен алаңға шығады. Біріншілікке соңғы нүкте 8 қараша күні қойылады. Бұл күні «Жетісу-Сұңқар» — «Ақжайық», «Астана-1964» — «Қыран», «Оқжетпес» — «Каспий» кездесулері чемпионат мықтыларын анықтайтын болады.

Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futbol-premer-liga-zholdamasy-shin-tartys-shielenise-t-sti-436014](https://yvision.kz/kk/post/futbol-premer-liga-zholdamasy-shin-tartys-shielenise-t-sti-436014)