---
title: "ФУТБОЛ: Месси Чемпиондар лигасындағы рекордты қайталады"
description: "«Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси Чемпиондар лигасында соғылған голдар рекордын ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-11-06T01:55:28+00:00"
modified: "2014-11-06T01:55:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-messi-chempiondar-ligasynda-y-rekordty-aytalady-437784"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-messi-chempiondar-ligasynda-y-rekordty-aytalady-437784/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ФУТБОЛ: Месси Чемпиондар лигасындағы рекордты қайталады

> «Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси Чемпиондар лигасында соғылған голдар рекордын ...

[!\[ФУТБОЛ: Месси Чемпиондар лигасындағы рекордты қайталады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20140714062935-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20140714062935.jpg)

«Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси Чемпиондар лигасында соғылған голдар рекордын қайталады, деп жазады ВВС.

Ол амстердамдық «Аякспен» өткен ойында 71-ші голын соғып, салынған голдар жағынан мадридтік «Реалдың» ойыншысы Раульмен теңесті. Мұнысымен Месси Криштиану Роналдуды да артта қалдырды. Ол 70 гол соққан болатын. «Аякспен» ойын 2:0 есебімен «Барселонаның» пайдасына шешілді. Месси нидерландтықтар қақпасына екі голды да өзі соқты.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futbol-messi-chempiondar-ligasynda-y-rekordty-aytalady-437784](https://yvision.kz/kk/post/futbol-messi-chempiondar-ligasynda-y-rekordty-aytalady-437784)