---
title: "ФУТБОЛ: Атақты бразилиялық қақпашы 123-голын соқты"
description: "Футболдан Бразилия чемпионатының 29- туры аясында өткен «Сан-Паулу» — «Баия» арасындағы матчта ала..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-19T23:17:22+00:00"
modified: "2014-10-19T23:17:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-ata-ty-braziliyaly-a-pashy-123-golyn-so-ty-434754"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-ata-ty-braziliyaly-a-pashy-123-golyn-so-ty-434754/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ФУТБОЛ: Атақты бразилиялық қақпашы 123-голын соқты

> Футболдан Бразилия чемпионатының 29- туры аясында өткен «Сан-Паулу» — «Баия» арасындағы матчта ала...

[!\[ФУТБОЛ: Атақты бразилиялық қақпашы 123-голын соқты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141019152544-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141019152544.jpg)

Футболдан Бразилия чемпионатының 29- туры аясында өткен «Сан-Паулу» — «Баия» арасындағы матчта алаң қожайындарының қақпашысы Рожерио Сени өзінің кәсіби ғұмырындағы 123-ші голын соқты.

Ойынның 40-шы минутында 41 жастағы қақпашы айып добын дәл орындап, есеп ашқан болатын. Ойында 2:1 есебімен «Сан Паулу» жеңіске жетті.

Айта кетейік, биылғы маусымда Рожерио Сени 8 мәрте қарсыластардың қақпасын дөп көздеді. Ол өз командасының Алешандре Патодан кейінгі (9 доп) екінші сұрмергені болып табылады.

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futbol-ata-ty-braziliyaly-a-pashy-123-golyn-so-ty-434754](https://yvision.kz/kk/post/futbol-ata-ty-braziliyaly-a-pashy-123-golyn-so-ty-434754)