---
title: "Футбол: «Астана» испандық «Вильярреалдан» ойсырай ұтылды"
description: "Қазақстанның «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының плей-офф сынында өз алаңында «Вильярреалда..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-22T00:48:53+00:00"
modified: "2014-08-22T00:48:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-astana-ispandy-vilyarrealdan-oysyray-tyldy-426337"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-astana-ispandy-vilyarrealdan-oysyray-tyldy-426337/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Футбол: «Астана» испандық «Вильярреалдан» ойсырай ұтылды

> Қазақстанның «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының плей-офф сынында өз алаңында «Вильярреалда...

[!\[Футбол: «Астана» испандық «Вильярреалдан» ойсырай ұтылды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140821233750-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140821233750.jpg)

Қазақстанның «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының плей-офф сынында өз алаңында «Вильярреалдан» 0:3 есебiмен жеңiлiс тапты.

Бiрiншi таймда ойынды қарқынды бастаған алаң иелерi испаниялық клубтың қақпасына гол сала алмады. Керiсiнше, есептi 33-минутта Кани ашып, қарсыластар алға шықты. Екiншi таймда Джованни Дос Сантос есептi еселей түстi. Ал матчтың 85-минутында Марио Гаспар үшiншi голдың авторы атанды.

Қарымта матч 28 тамызда Испанияда өтедi.

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futbol-astana-ispandy-vilyarrealdan-oysyray-tyldy-426337](https://yvision.kz/kk/post/futbol-astana-ispandy-vilyarrealdan-oysyray-tyldy-426337)