---
title: "ФУТБОЛ: «Астана» Еуропа лигасында «АИК» командасының тас-талқанын шығарды"
description: "«Астана» футболшылары Еуропа лигасының үшiншi раундында сырт алаңда «АИК» командасын 3:0 есебiмен..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-08T02:58:48+00:00"
modified: "2014-08-08T02:58:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-astana-europa-ligasynda-aik-komandasyny-tas-tal-anyn-shy-ardy-424502"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/futbol-astana-europa-ligasynda-aik-komandasyny-tas-tal-anyn-shy-ardy-424502/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ФУТБОЛ: «Астана» Еуропа лигасында «АИК» командасының тас-талқанын шығарды

> «Астана» футболшылары Еуропа лигасының үшiншi раундында сырт алаңда «АИК» командасын 3:0 есебiмен...

[!\[ФУТБОЛ: «Астана» Еуропа лигасында «АИК» командасының тас-талқанын шығарды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/photo_45417-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/photo_45417.jpg)

«Астана» футболшылары Еуропа лигасының үшiншi раундында сырт алаңда «АИК» командасын 3:0 есебiмен ойсырата жеңдi.

Бiрiншi таймда өте сенiмдi ойнай бiлген «Астана» командасы стандарттық жағдайлардың бiрiнде Фокси Кетевоаманың соққысынан кейiн 1:0 есебiмен алға шықты. Екiншi таймның орта тұсында астаналық футболшылар есептi еселетiп, жанкүйерлердiң мерейiн үстем еттi. Дмитрий Шомко қорғаушылар мен қақпашының қателiгiнен кейiн екiншi голдың авторы атанған болатын. Ал ойынның 71-ші минутында тамаша пасқа ие болған Жолшиев қақпашыны алдап өтiп, бос қақпаға үшiншi голды тоғытты. Осылайша, «Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңiне өттi.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[ФУТБОЛ: «Астана» Еуропа лигасында «АИК» командасының тас-талқанын шығарды\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/futbol-astana-europa-ligasynda-aik-komandasyny-tas-tal-anyn-shy-ardy-424502](https://yvision.kz/kk/post/futbol-astana-europa-ligasynda-aik-komandasyny-tas-tal-anyn-shy-ardy-424502)