---
title: "FREEDOM FESTIVAL IV: Жылдың ең үздік мәдени шарасы"
description: "21-23 қараша күндері классикалық және заманауи балет жұлдыздары FREEDOM FESTIVAL IV шарасы аясында Almaty Theatre және Astana Ballet сахналарында өнер көрсетпе?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-11-24T08:13:07+00:00"
modified: "2025-11-24T08:13:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/freedom-festival-iv-zhyldyn-en-uzdik-madeni-sharasy-1018629"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/freedom-festival-iv-zhyldyn-en-uzdik-madeni-sharasy-1018629/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# FREEDOM FESTIVAL IV: Жылдың ең үздік мәдени шарасы

> 21-23 қараша күндері классикалық және заманауи балет жұлдыздары FREEDOM FESTIVAL IV шарасы аясында Almaty Theatre және Astana Ballet сахналарында өнер көрсетпе?...

**21-23 қараша күндері классикалық және заманауи балет жұлдыздары FREEDOM FESTIVAL IV шарасы аясында Almaty Theatre және Astana Ballet сахналарында өнер көрсетпек. Фестиваль «Астана Опера» театры ұсынатын «Пахита» балетімен ашылды, жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Ал екінші бөлімде Қазақстанда Berlin Ballet Company ұжымы CHOREO X бағдарламасымен алғаш рет өнер көрсетті. Бұл бағдарламада Марко Гёкке (Marco Goecke), Начо Дуато (Nacho Duato), Анжелен Прельжокаж (Angelin Preljocaj), Аршак Галумян (Arshak Ghalumyan) және басқа да хореографтардың жаңаша көзқараста ұсынылған қойылымдары қамтылған.**Фестиваль қарсаңында, 19 қараша күні, Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов, American Ballet Theatre (Нью-Йорк) труппасының прима-балеринасы Хлоя Миссельдайн (Chloe Misseldine) және Staatsballett Berlin труппасының премьері Мартин тен Кортенаардың (Martin ten Kortenaar) қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Сондай-ақ шараға Berlin Ballet Company көркемдік жетекшісі Аршак Галумян, жоба продюсері Данияр Шманов қатысты. Баспасөз конференциясынан кейін балет әртістері фестиваль бағдарламасына дайындықты бастап, журналистер мен блогерлер сахна сыртындағы дайындық барысын көріп, эксклюзив кадрлар түсіруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ шара аясында фуршет және әртістер мен ұйымдастырушылардың қатысуымен еркін форматтағы әңгімелесу де болды.««Freedom Festival — өнерді, өзіндік болмысты және балетке деген батыл көзқарасты біріктіретін дәстүрге айналды. Биыл біз классика мен заманауи хореографияны, қазақстандық артисттер мен шетелдік труппаларды тоғыстыра отырып, үйреншікті шекараларды кеңейтеміз. Мұндай үндестік — фестивальдің негізі – өнердің тірі тынысын, диалогқа, шабыт пен бірігуге деген ұмтылысымызды көрсетеді.», – дейді Сергей Лукьянов, Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы.Дәстүр бойынша фестиваль аясында заманауи өнер көрмесі өтеді. Биылғы фестивальдің арнайы қонағы – халықаралық арт-сахналарда Қазақстан мен Өзбекстан атынан шығып жүрген танымал суретші Азиза Шаден. Ол Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қорының қолдауымен жасалған, алғаш рет Бұхара Биенналесінде көрсетілген бейнеинсталляциясын ұсынды. Бұл жұмыс Қазақстанда алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.Freedom Festival IV ұйымдастырушысы – Freedom Holding Copr.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/freedom-festival-iv-zhyldyn-en-uzdik-madeni-sharasy-1018629](https://yvision.kz/kk/post/freedom-festival-iv-zhyldyn-en-uzdik-madeni-sharasy-1018629)