---
title: "Франк Рибери – Еуропаның үздік ойыншысы атанды."
description: "Монакода Чемпиондар лигасының жербе тарту рәсімі аяқталған соң, Еуропаның ең үздік ойыншысы анықта..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-30T04:14:01+00:00"
modified: "2013-08-30T04:14:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/frank-riberi-europany-zdik-oyynshysy-atandy-371726"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/frank-riberi-europany-zdik-oyynshysy-atandy-371726/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Франк Рибери – Еуропаның үздік ойыншысы атанды.

> Монакода Чемпиондар лигасының жербе тарту рәсімі аяқталған соң, Еуропаның ең үздік ойыншысы анықта...

[!\[Франк Рибери\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/photo_30135-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/photo_30135.jpg)

Монакода Чемпиондар лигасының жербе тарту рәсімі аяқталған соң, Еуропаның ең үздік ойыншысы анықталды. Алдын-ала белгілі болғандай, үміткер үшеу еді. Төрт рет қатарынан «алтын доп» алып, кейбір жанкүйерлердің ызасын тудырған – Лионель Месси. УЕФА Чемпиондар лигасының 2012/2013 жылғы маусымының ең үздік сұрмергені,Португалия құрамасы мен Мадридтік «Реалдың» жұлдызы –Криштиану Роналду, сосын бірнеше жыл жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан, биыл «Бавария» сапында УЕФА Чемпиондар лигасына ие болған франциялық – Франк Рибери. Монакоға Роналду келуді жөн санамапты. Келмегенді де дұрыс болған екен. Бұл жолы бұл марапатқа Франк Рибери ие болды. Шынымен де әділетті шешім. Былтыр Андрес Иньеста иелік еткен еді. Соңғы төрт-бес жылда «Барселонаның» ойыншыларынан басқаны көзге ілмейтін УЕФА басшылары биыл аздап ойланған тәрізді.

Франк Рибери Булонь-сюр-Мер қаласында 1983 жылы, 1 сәуір күні туған. Футболдағы карьерасын 2001 жылы бастаған. Ол кезде Францияның Екінші лигасында өнер көрсететін «Булань» командасынан бастаған. Одан кейін «Олимпик» (Алес), «Брест», «Мец», «Галатасарай», «Олимпик» (Марсель) командаларында ойнады. Ал 2007 жылы, 7 маусымда мюнхендік «Бавариямен» төрт жылдық келісім-шарт жасасып, содан бері осы клубтың басты плеймекері әрі команданың көшбасшы ойыншыларының бірі.

Жетістіктері:

Түркия кубогының иегері: [2004/2005](http://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%BA_%D0%A2%D1%83%D1%80%D1%86%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2004/2005&action=edit&redlink=1) жылы

Германия чемпионы: [2006/2007](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A7%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%82_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2006-2007), [2009/10](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A7%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%82_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2009-2010), [2012/13](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A7%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%82_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2012/2013) жылдары

Германия Кубогының иегері: [2006/2007](http://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%BA_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2006/2007&action=edit&redlink=1), [2009/10](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%BA_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2009/2010), [2012/2013](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%BA_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2012/2013) жылдары

Германия лигасының иегері: [2006/2007](http://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%BA_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2006/2007&action=edit&redlink=1) жылы

Германия суперкубогының иегері: [2010](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%BA%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%BA_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2010), [2012](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%BA%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%BA_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2012) жылдары

Чемпиондар лигасының иегері: [2012/2013](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%BA_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8_%D0%BF%D0%BE_%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83_2012/2013) жылы

Чемпиондар лигасының финалисті: [2009/2010](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D0%B3%D0%B0_%D1%87%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%B2_%D0%A3%D0%95%D0%A4%D0%90_2009-2010), [2011/2012](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D0%B3%D0%B0_%D1%87%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%B2_%D0%A3%D0%95%D0%A4%D0%90_2011-2012) жылдары

«[Audi Cup](http://ru.wikipedia.org/wiki/Audi_Cup)» жеңімпазы: [2009](http://ru.wikipedia.org/wiki/Audi_Cup_2009), [2013](http://ru.wikipedia.org/wiki/Audi_Cup_2013) жылдары

«Telekom-Cup» жеңімпазы: 2013 жылы

2006 жылы ислам діңін қабылдап, мұсылманның парыздарын орындап жүрген футболшылардың бірі. Вахиба есімді алжир қызымен отау құрып, екі қыздың әкесі атанған.

Енді қаңтар айында ФИФА «алтын доп» иегерін анықтайтын болады. Сол уақытқа дейін сәтті ойнап жатса, «алтын допта» Рибериге табысталуы мүмкін.

 

Бек Төлеуов

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/frank-riberi-europany-zdik-oyynshysy-atandy-371726](https://yvision.kz/kk/post/frank-riberi-europany-zdik-oyynshysy-atandy-371726)