---
title: "FILA рейтингіне 15 балуанымыз енді"
description: "Халықаралық күрес түрлері федерациясы балуандардыңмаусым айындағы рейтингін түзді. Бұл жолы екі ба..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-26T23:01:44+00:00"
modified: "2013-06-26T23:01:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/fila-reytingine-15-baluanymyz-endi-359691"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/fila-reytingine-15-baluanymyz-endi-359691/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# FILA рейтингіне 15 балуанымыз енді

> Халықаралық күрес түрлері федерациясы балуандардыңмаусым айындағы рейтингін түзді. Бұл жолы екі ба...

[!\[FILA рейтингіне 15 балуанымыз енді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-38.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-38.jpg)

Халықаралық күрес түрлері федерациясы балуандардыңмаусым айындағы рейтингін түзді. Бұл жолы екі балуанымызүздік үштіктен көрініпті. Нұрмахан Тынәлиев 3-орында болса, Татьяна Аманжол өз салмағында әлем балуандарының көшін бастады.

Бұған дейін қыздар күресінде 51 келінің көшін канадалық Джессика Макдональд бастап тұрған. Италияның Сассари қаласында өткен Гран-При кезеңіндегі жеңісінен кейін Татьяна канадалық балуанды арттақалдырды. Сондай-ақ, осы салмақта тағы бір жерлесіміз Кристина Яловенко 4-орыннан көрініпті.

Грек-рим күресінде Нұрмаханнан бөлек, Жансерік Сәрсенбиев 55 келіде 12-орында, Алмат Кебіспаев 60-келіде үздік ондықта, 66 келіде ЕрболҚоңыратов та 10-орында, 74 келіде Досжан Қартықов 13-орында болса, 96 келіде Ерұлан Ысқақов рейтингтің 11-сатысына орналасты.

Еркін күресте Расул Қалиев 55 келіде 9-орынға көтерілген. 60 келіде Дәулет Ниязбеков өз орнын сақтап, 8-сатыдан жылжыған жоқ. Ал өзге балуандарымыз ФИЛА рейтингінде үздік 15 саңлақтың қатарынан көріне алмады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/fila-reytingine-15-baluanymyz-endi-359691](https://yvision.kz/kk/post/fila-reytingine-15-baluanymyz-endi-359691)