---
title: "ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға және Қазақс..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-25T23:54:28+00:00"
modified: "2014-03-25T23:54:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/fifa-prezidenti-y-blatter-aza-stan-a-at-basyn-b-rma-406800"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/fifa-prezidenti-y-blatter-aza-stan-a-at-basyn-b-rma-406800/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ

> АСТАНА. ҚазАқпарат — ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға және Қазақс...

[!\[ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140325142244-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140325142244.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға және Қазақстанға төрт күндік ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Р-Спорт.

24 наурызда Бішкекте басталған сапар барысында Й. Блаттер бірқатар спорт және мемлекеттік билік өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірнеше футбол алаңдарының ашылуына қатысады. Йозеф Блаттер 27 наурызда Астанада өтетін УЕФА-ның XXXVIII кезекті конгресінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/fifa-prezidenti-y-blatter-aza-stan-a-at-basyn-b-rma-406800](https://yvision.kz/kk/post/fifa-prezidenti-y-blatter-aza-stan-a-at-basyn-b-rma-406800)