---
title: "«FIFA-2016» ойындары Павлодарда өтті"
description: "Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Brooklyn» клубымен бірлесе қайырымдылық ..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-02T06:33:00+00:00"
modified: "2016-08-02T06:33:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/fifa-2016-oyyndary-pavlodarda-tti-704990"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/fifa-2016-oyyndary-pavlodarda-tti-704990/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «FIFA-2016» ойындары Павлодарда өтті

> Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Brooklyn» клубымен бірлесе қайырымдылық ...

Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Brooklyn» клубымен бірлесе қайырымдылық акциясын өткізді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының жасөспірімдерімен қызықты «FIFA-2016» футбол ойындарының турнирінің куәсі болдық.

![«FIFA-2016» ойындары Павлодарда өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/b0fF4ZQ7U0GV9t4rXpfioDV40lc17Z.jpg)

Ойыншылар атақты «Реал Мадрид» және «Барселона» командаларына бөлініп, екі адамнан жарысқа түсті.

Жарыс қортындысына келсек: І-ші орынды Капиятов Карим алса, ІІ-ші орын Суятан Дариғаға бұйырды. ІІІ-ші орынды Феоктистов Адам қанжығасына байлады.

![«FIFA-2016» ойындары Павлодарда өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/yKMAlU598VQD5Wp0MxzSf7zvFZ2NTT.jpg)

Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Осындай іс-шараларға «Brooklyn» клубының директоры Асхат Тусупов әрқашан клубтың есігі ашық екенін жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/fifa-2016-oyyndary-pavlodarda-tti-704990](https://yvision.kz/kk/post/fifa-2016-oyyndary-pavlodarda-tti-704990)