---
title: "Феликс және оның достары өзге аңдарды құтқара ала ма?"
description: "Жануарларды қорғау орталығына түскен Феликс атты сілеусіннің баласы бостандыққа әр шыққан сайын түрл..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-21T22:15:39+00:00"
modified: "2015-08-21T22:15:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/feliks-zh-ne-ony-dostary-zge-a-dardy-t-ara-ala-ma-532044"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/feliks-zh-ne-ony-dostary-zge-a-dardy-t-ara-ala-ma-532044/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Феликс және оның достары өзге аңдарды құтқара ала ма?

> Жануарларды қорғау орталығына түскен Феликс атты сілеусіннің баласы бостандыққа әр шыққан сайын түрл...

Жануарларды қорғау орталығына түскен Феликс атты сілеусіннің баласы бостандыққа әр шыққан сайын түрлі жағдайға тап болады.

![Феликс және оның достары өзге аңдарды құтқара ала ма?](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/HyfLl2Zd6ej6DUP3lOStmYb6Rqu7n0.png)

Алайда, Феликсті достары Бееа ешкі, Астарту атты сапсанмен бірге соңғы рет алып кеткенде, олар орталықтың темір торлармен қоршалған абақтыны еске түсіретінін байқайды.

Дәл осы жерде достар Гус атты хамелеонмен танысады. Гус шешендігіне басып, өзінің күнделікті айтатын әңгімесі – мұндағы жануарлардың аз ғана ғұмыры қалғанын бұларға да жеткізеді. Сондай-ақ, ол заңсыз тәжірибемен айналысатын жасырын мемлекеттік агенттіктің жұмыс істеп жатқанын да айтады.

Кейін олар қаскөй аңшының жолын кесіп, мұндағы аңдарды бостандыққа жіберуге әрекеттенеді. Мызғымас достардың қызықты оқиғасын бүгін сағат 10:35-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/feliks-zh-ne-ony-dostary-zge-a-dardy-t-ara-ala-ma-532044](https://yvision.kz/kk/post/feliks-zh-ne-ony-dostary-zge-a-dardy-t-ara-ala-ma-532044)