---
title: "Fast & Furious Crossroads келесі айда сатылымнан жойылады"
description: "Bandai Namco компаниясы Fast & Furious Crossroads көшірмелерін сатуды келесі айда, шыққаннан кейін е..."
author: "cybersport.kz"
published: "2022-03-31T10:36:01+00:00"
modified: "2022-04-01T10:15:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/fast-furious-crossroads-kelesi-ayda-satylymnan-zhoyylady-963914"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/fast-furious-crossroads-kelesi-ayda-satylymnan-zhoyylady-963914/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Fast & Furious Crossroads келесі айда сатылымнан жойылады

> Bandai Namco компаниясы Fast & Furious Crossroads көшірмелерін сатуды келесі айда, шыққаннан кейін е...

Bandai Namco компаниясы Fast & Furious Crossroads көшірмелерін сатуды келесі айда, шыққаннан кейін екі жыл өтпестен тоқтататынын хабарлады. VGC таратқан қысқаша мәлімдемеде баспагер: «Барлық өнімдердің сатылымы 2022 жылдың 29 сәуірінде таңғы сағат 4-те аяқталады» деді.

«Егер сіз ойынды цифрлық түрде сатып алсаңыз, ол сіздің кітапханаңызда қалады және оны болашақта қайта жүктеп алуға болады», - деп қосты ол. Фирма сонымен қатар аталған күнге дейін сатып алынған кез келген қондырма әлі де ойнатылатынын және ойынның онлайн режимдері белсенді болып қала беретінін мәлімдеді. Fast & Furious Crossroads 2020 жылдың тамыз айында PC, Xbox және PS4 үшін шығарылды және сол кезде нашар бағаланып, Metacritic-те 35 ұпай жинады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/fast-furious-crossroads-kelesi-ayda-satylymnan-zhoyylady-963914](https://yvision.kz/kk/post/fast-furious-crossroads-kelesi-ayda-satylymnan-zhoyylady-963914)