---
title: "ФАРИЗА ОҢҒАРОВА: \" Әр азаматтың міндеті - мемлекеттік тілді білу\""
description: "Бүгін Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатымен таныстым..."
author: "Semeynews"
published: "2020-06-25T12:25:03+00:00"
modified: "2020-06-25T12:25:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/fariza-o-arova-r-azamatty-mindeti-memlekettik-tildi-bilu-859908"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/fariza-o-arova-r-azamatty-mindeti-memlekettik-tildi-bilu-859908/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ФАРИЗА ОҢҒАРОВА: " Әр азаматтың міндеті - мемлекеттік тілді білу"

> Бүгін Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатымен таныстым...

Бүгін Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатымен таныстым. Мазмұнды ойлар мен мағыналы пікірлер айтылған ой бөлісу болды деп ойлаймын.

Бүгінгі күндегі, бірінші кезектегі мәселе – әлемді жайлаған індетпен күресу. Ол әр азаматтың – міндеті деп ойлаймын. Әркімнің өзінің денінің саулығы мен басының амандығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Ел заматтары мен қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Өзгенің қауіпсіздігі – біздің қолымызда болуы әбден мүмкін.

Сондай – ақ, тіл мәселесі де қозғалды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде қабылданып жатқан шаралар қуантарлық жағдай. Мемлекеттік басқаруда қазақ тілінің бірінші орында болуы, мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін білу міндет болып саналатыны – халықтың билікке деген сенімін ұлғайтады деп ойлаймын.

Сұхбат барысында өзге де көптеген мәселелер қозғалды. Олардың барлығы оң шешімін табатынына сенім мол.

Фариза Оңғарова, жастар ресурстық орталығының әдіскері

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/fariza-o-arova-r-azamatty-mindeti-memlekettik-tildi-bilu-859908](https://yvision.kz/kk/post/fariza-o-arova-r-azamatty-mindeti-memlekettik-tildi-bilu-859908)