---
title: "Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды"
description: "Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлде..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-23T02:50:07+00:00"
modified: "2013-08-23T02:50:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/fariza-aldo-arova-zhas-spirimder-arasynda-y-wtf-taekvondo-boyynsha-2-shi-aziya-oyyndaryny-k-mis-zh-l-370282"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/fariza-aldo-arova-zhas-spirimder-arasynda-y-wtf-taekvondo-boyynsha-2-shi-aziya-oyyndaryny-k-mis-zh-l-370282/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

> Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлде...

[!\[Фариза Алдоңғарова\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/20130822170300-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/20130822170300.jpg)

Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бұл туралы ҚР Күрес федерациясының баспасөз баянында хабарланды. Ойындардың 1/4 финалында 55 келі салмақ дәрежесінде ол Бангладештен келген Фатиха Уммуль Исламды 12:0 есебімен жеңді, жартылай финалда өзбекстандық Динорохан Мамадибрагимовадан 2:0 есебімен басым түсті. Өкінішке орай, ақтық сында біздің отандасымыз филиппиндік Паулинеуз Лопезке 2:4 есебімен есе жіберіп алды.

Еске сала кетейік, кеше Қытайдағы жасөспірімдер арасындағы 2-ші Азия ойындарында қазақстандық таеквандошы Ерасыл Қайырбек 53 келі салмақ дәрежесінде қола медальді олжалады.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/fariza-aldo-arova-zhas-spirimder-arasynda-y-wtf-taekvondo-boyynsha-2-shi-aziya-oyyndaryny-k-mis-zh-l-370282](https://yvision.kz/kk/post/fariza-aldo-arova-zhas-spirimder-arasynda-y-wtf-taekvondo-boyynsha-2-shi-aziya-oyyndaryny-k-mis-zh-l-370282)