---
title: "«Фандрайзинг – үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы» тақырыбында Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті"
description: "Форум азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған ө..."
author: "journalist_n"
published: "2025-09-23T11:21:00+00:00"
modified: "2025-09-23T11:21:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/fandrayzing-ukimettik-emes-uyymdardyn-turaktylygy-takyrybynda-ulytau-oblysynyn-azamattyk-forumy-otti-1017433"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/fandrayzing-ukimettik-emes-uyymdardyn-turaktylygy-takyrybynda-ulytau-oblysynyn-azamattyk-forumy-otti-1017433/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Фандрайзинг – үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы» тақырыбында Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті

> Форум азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған ө...

Форум азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған өңірлік іс-шаралар сериясын жалғастырады.

![«Фандрайзинг – үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы» тақырыбында Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/4ff77f4457316b6405923774f1af3359.jpg?width=1076&height=720)

Форумның мақсаты – фандрайзингтің өзекті тетіктерін, соның ішінде дәстүрлі және цифрлық құралдарды талқылау, сондай-ақ ҮЕҰ-ның тұрақты дамуына ықпал ететін инновациялық тәсілдерді дамытуға арналған тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

![«Фандрайзинг – үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы» тақырыбында Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/b52d491e48683f9f3a0b3373cce2fece.jpg?width=1076&height=720)

Бағдарлама аясында цифрлық трансформация, жасанды интеллекті фандрайзинг саласына енгізу, қаржы тартудың тұрақты үлгілері, донорлармен өзара байланыс және ҮЕҰ секторындағы креативті бастамаларды дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар мен баяндамалар өтті.

![«Фандрайзинг – үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы» тақырыбында Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/ff71fe3635e4ef828417fdedeeca9a0f.jpg?width=1076&height=720)

Аталған форум азаматтық қатысу институтын нығайту және үкіметтік емес сектордың өңірлік деңгейде орнықты дамуына жаңа серпін беретін маңызды алаңға айналды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/fandrayzing-ukimettik-emes-uyymdardyn-turaktylygy-takyrybynda-ulytau-oblysynyn-azamattyk-forumy-otti-1017433](https://yvision.kz/kk/post/fandrayzing-ukimettik-emes-uyymdardyn-turaktylygy-takyrybynda-ulytau-oblysynyn-azamattyk-forumy-otti-1017433)