---
title: "Факультетімізге 70 жыл толып отыр"
description: "Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті 1948 жыл..."
author: "Burkhanova"
published: "2018-10-29T03:20:59+00:00"
modified: "2018-10-29T03:21:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/fakultetimizge-70-zhyl-tolyp-otyr-817887"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/fakultetimizge-70-zhyl-tolyp-otyr-817887/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Факультетімізге 70 жыл толып отыр

> Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті 1948 жыл...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/3e7f4c573e194a865c7f807bce6544.jpg)

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті 1948 жылы «Орман шаруашылығы» факультеті болып бұрынғы Қазақ ауылшаруашылығы институтында құрылған. Оны ұйымдастыруға Қазақстандағы ең бірінші орман шаруашылығы министрі У.У. Урумбаев тікелей ат салысқан. Бұл күнде факультетімізге 70 жыл толып отыр.

Ұжымда барлық пәндер кредиттік жүйе талаптарына сай оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген. Факультетте жүргізіп жатқан, оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, студент-жастарға тәрбие беруде істеліп жатқан ауқымды іс-шараларды атай аламыз. Барлық пәндер оқулықтар, оқу құралдарымен, әдістемелік нұсқаулармен толық көлемде қамтамасыз етілген, жаңа лабораториялық құрал-жабдықтар жабдықталған, жас оқытушы – ғалымдардың кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіретін жағдай жасалған, олардың шет тілін игеру қарқыны жоғары деңгейде өтуде. Факультеттің кафедраларында электрондық оқулықтар және қазіргі заман талабына сай оқу үрдісінде инновациялық технологиялар қолданылуда.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/d723bafd2433e73bc1f27c5057e21c.jpg)

Бұл факультет табиғат байлықтарын игеру мамандарын дайындау орталығы десек, артық айтпаймыз. Себебі, факультет дүниежүзілік сапа стандарттарына сай бакалавриат жүйесі бойынша 5В080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 5В080300 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы, 5В090300 - Жерге орналастыру, 5В090700 - Кадастр, 5В081100 - Өсімдік қорғау және карантин, магистратура жүйесі негізінде 6М080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 6М080300 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы, 6М090300 - Жерге орналастыру, 6М090700 - Кадастр, 6М081100 – Өсімдік қорғау және карантин сондай-ақ, Ph.D докторантура бойынша факультетте 6D080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 6D090300 - Жерге орналастыру, 6D090700 - Кадастр, 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары бойынша даярланады.

Бұл мамандықтарды игерген жас мамандар орман өсіру мен орман қорын, су ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер қорын тиімді пайдалану, сақтау, жер құқығы мен қатынастарын жүргізу, жерді және жылжымайтын мүлікті тіркеу, есепке алу, бағалау және өсімдіктерді өсімдік қорғау және карантин маманы ретінде өсімдік қорғау инспекцияларында, кедендерде, аэропорттарда теміржол вокзалдарында үлкен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жауапты қызметтерді атқара алады. Көрсетілген мамандықтар бойынша арнаулы кәсіптік орта білімді жастар мамандықтарына сәйкес қысқартылған мерзім-3 жыл, жоғарғы білімі бар мамандықтар – 2 жыл оқып білім ала алады. Талапкерлерге кәсіби бағыт беру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

Бұл күнде өсімдік қорғау және карантин, жер ресуртары және орман-ағаштары сияқты табиғи өнімдерге сұраныстың жоғарылауынан, осы салада білікті мамандар даярлау Үкіметтің алға қойған басты бағдарламаларының бірі болып отыр. Оның дәлелі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің осы мамандықтарға жыл сайын бөлген мемлекеттік грант санын көбейтуінен аңғаруға болады. Факультетте мамандарды 3 кафедраның жоғары білікті профессор- оқытушы құрамы даярлайды. Факультеттің үш кафедрасы 5 мамандық бойынша бакалаврларды, магистрлерді, Ph.D докторанттарды даярлайды. Факультет ұжымында 73 жоғарғы білікті оқытушы мамандар, олардың ішінде 1 ұлттық ғылым академиясының академигі, 17 ғылым докторлары мен профессорлары, 5 қауымдастырылған профессорлары, 17 ғылым кандидаттары, доценттер және 16 аға оқытушылар, 7 магистр академиялық дәрежесі бар ассистенттер және 10 көмекші оқу қызметкерлері оқу –тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Қазір факультетің күндізгі бөлімінде 769, ал сырттай оқу бөлімінде 120 студент, 37 магистрант және 26 Ph.D докторант оқиды, оның 81%-ы, яғни 623-сі қазақ тілінде, ал 19 %-ы, яғни 146-і орыс және көптілді бөлімде оқиды. Олардың ішінде 607-і, яғни 79%-ы мемлекеттік грант негізінде, ал 162-і, яғни 21 %-ы ақылы келісім-шарт негізінде оқып жатыр.

Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы. Факультет ғалымдары мемлекеттік грант жобалары бойынша: академик С.Б.Байзаков, профессорлар К.Т.Абаева, Е.Ж.Кентбаев, Т.Д.Джуламанов, Т.Пентаев, М.В.Шабалина, Б.А. Кентбаева, А.Ж.Ағыбаев., Х.Қ.Торыбаев, Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова Б.Т.Таранов, Р.А.Ескендирова, Е.Б.Дутбаев және т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әрқайсысы 3-4 студентті ғылыми жұмыс атқару жұмылдырып, жетекшілік етті. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу үшін барлық кафедраларда ғылыми үйірмелер жұмыс жасауда. Оларға бағыт-бағдар беру үшін факультеттің барлық оқытушылары қатысады. Өткен оқу жылында факультет бойынша университет конференциясында 63 студент баяндама жасап, 16 студент әр түрлі деңгейде марапатталды. Факультеттің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грант иегерлері: Қ.Т.Абаева, Е.Ж.Кентбаев, Б.А.Кентбаева, Т.Д.Жоламанов, А.Ж.Ағыбаев.

Студенттеріміз «Орманшы», «Кинолог», «Жас геодезист», «Жерге орналастырушы», «Фитосанитария» сияқты құрылған топтарда ғылыми жұмыстармен айналысып, республикалық және халықаралық деңгейде өтетін конференцияларға қатысты.

Халықаралық жоғарға оқу орындарының тәжірбие алмасу бағдарламасы бойынша факультет студенттері, магистранттары, докторанттары Америка Құрама Штатында, Солтүстік Дакота Штатында, Германияда, Латвияда, Словакияда, Испанияда, Польшада, Чехияда, Болгарияда оқып тәжірбие алып келді. Мұндай бағдарламалар университет тарапынан әр жылда ұйымдастырылады.Интеграция мен өндіріс жайында көрсетілген. Практикалық-лабораториялық сабақтарды қазіргі заман талабына сай жаңа қондырғылар мен приборлар қолданып жүру үшін «Орман ресурстары және аңшылықтану», «Жер ресурсы және кадастр», «Өсімдік қорғау және карантин» кафедралары өздерінің филиалдарын ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, өндірістерде ашып, сонда сабақ өткізу іс жүзінде қалыптасқан.Сондай-ақ, студенттер өздерінің теориялық білімін бекіту үшін тәжірбиеден өтеуге өңдірістерге жіберіледі. Мысалы, Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығының студенттері Ақмола облысының Сандықтау орман шаруашылығы оқу-өндірістік мекемесінде, барлық облыстардағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері мен пиомниктеріне, ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттік қорықтарда, Кадастр және Жерге орналастыру мамандықтарының студенттері Жер комитеттері және жылжымайтын мүлікті бағалау басқармаларына, Өсімдік қорғау және карантин мамандығының студенттері аумақтық өсімдік қорғау инспекцияларына, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы «Агроуниверситет» оқу тәжірибе шаруашылығы, үлкен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруашылық қожалығына жіберіледі. Оқу-білім, спортпен бірге студент жастар адамның мәдени-рухани жағынан дамуына бойдағы бар қабілет, дарынын көрсету үшін факультетте түрлі өнерге бейімдейтін үйірмелер өз жұмысын тоқтатқан емес. Талантты студенттерден әншілер мен бишілер тобы құрылып, олар университет пен қалалық әкімшілік тарапынан ұйымдастырылатын түрлі мәдени шараларға белсене қатысып отырады. Салауатты өмір салтына көп көңіл бөлінеді. Студенттердің бос уақытында спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Факультеттін мерейін республикалық және халықаралық денгейде көтеріп жүрген студенттерімізде аз емес.

Студенттердің екінші үйіне арналған №10 “Ақ-қайын” студенттік үйі жалпы саны 118 бөлме бар. Жатаханадағы студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы жүйелі түрде жұмыс жасауда. 416 студент орналасқан. Бұл ұйым түрлі диспуттар мен кездесулер өткізіп, жастардың бос уақытын тиімді әрі қызғылықты өткізулеріне игі ықпал етуде. Сонымен қатар, студенттер үшін оқырмандар залы мен акт залы бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Алдағы уақытта да игі істер өз жалғасын табары сөзсіз.

Қорыта келе, «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті кафедраларының оқу-ғылыми, тәрбие жұмыстарының тиімділігін ары қарай жетілдіру және жаңа талаптарға сай деңгейге көтеру мақсатында университеттің 2018-2020 жылдарға жасалған даму жоспарын толық орындауға талпынамыз.

Абаева Құрманкүл Төлеутайқызы факультет деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор

2018ж. Алматы қаласы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/fakultetimizge-70-zhyl-tolyp-otyr-817887](https://yvision.kz/kk/post/fakultetimizge-70-zhyl-tolyp-otyr-817887)