---
title: "Facebook – әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі"
description: "Facebook - 2004 жылы іске қосылған және осы уақытқа дейін бұл ресурстың 500 млн-нан артық қолдануш..."
author: "mereika_91"
published: "2011-04-02T04:13:17+00:00"
modified: "2011-04-02T04:13:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/facebook-lemdegi-e-iri-leumettik-zheli-139505"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/facebook-lemdegi-e-iri-leumettik-zheli-139505/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Facebook – әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі

> Facebook - 2004 жылы іске қосылған және осы уақытқа дейін бұл ресурстың 500 млн-нан артық қолдануш...

Facebook** - **2004 жылы іске қосылған және осы уақытқа дейін бұл ресурстың 500 млн-нан артық қолданушысы бар.

Facebook-та отыру қажет емес, facebook-ты дұрыс қолдану қажет. Басында менің басым қатып, қашып кеткім келетін. Кәзір басты парақты бір аралап шығамын, сосын бірнеше достарымның парақтарын қарап шығамын. Болды. Күніне көп болса, үш рет шығ…амын, кей кезде бұл сайт ашылған түрінде тұрады. Барлық маған жазған хаттамаларға бір рет жауап беремін. Сонымен facebook - көп болса, 30 минут алады. Оған қарағанда басқа сайттағы жаңалықтарды қарап шолу кейде 2-сағат уақытты алып кетеді. Чарльз ханым атап өткендей, зерттеуге қатысқан респонденттердің «басым көпшілігі» facebook-тегі ең жақсы нәрсе – әрқашан байланыста болу мүмкіндігі. Бірақ, қолданушылардың көбісі маңызды әлеуметтік жаңалықты жіберіп аламын деп, не достарын ренжітіп аламын деп қорыққаны үшін ғана сайттан шықпайды екен. «Facebook құмар ойыны сияқты өз қолданушыларын қалқыған күйде ұстап тұрады. Егер олар шығып кетсе, маңызды нәрседен құр қалатындай көрінеді», - деп қорытады Кэти Чарльз

Әлеуметтік желідегі виртуалды парақшасында достары тым көп адамдар шынайы өмірде көбірек стресске ұшырайды екен. Бұны Непер атындағы Эдинбург университетінің facebook желісі негізінде жүргізген зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.

Психологтардың анықтауынша, facebook қолданушыларының өз достары және туыстарымен әлеуметтік желі арқылы сөйлесуінен гөрі бейтаныс адамдармен виртуалды араласуы жүйкеге әлдеқайда ауыр тиеді екен. Бұл туралы зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасай отырып bbc.co.uk сайты хабарлайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/facebook-lemdegi-e-iri-leumettik-zheli-139505](https://yvision.kz/kk/post/facebook-lemdegi-e-iri-leumettik-zheli-139505)