---
title: "«Əзірет-Сұлтан» музейі Астана туған күнін тойлауды бастады."
description: "4 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «ӘН, Ж..."
author: "azret_sultan"
published: "2016-07-12T23:57:14+00:00"
modified: "2016-07-12T23:58:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/eziret-s-ltan-muzeyi-astana-tu-an-k-nin-toylaudy-bastady-702038"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/eziret-s-ltan-muzeyi-astana-tu-an-k-nin-toylaudy-bastady-702038/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Əзірет-Сұлтан» музейі Астана туған күнін тойлауды бастады.

> 4 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «ӘН, Ж...

4 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «ӘН, ЖЫРЫМ – АСТАНА, ТАҒДЫРЫМ – АСТАНА» тақырыбында мерекелік шара өтті. Атаулы шараға қаламыздың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.Шараның негізгі максаты Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру.

![«Əзірет-Сұлтан» музейі Астана туған күнін тойлауды бастады.](https://scontent.xx.fbcdn.net/t31.0-8/13558720_1764043267184746_5418688602739814243_o.jpg)

Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Мереке қонақтары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, енді бір тобы Астанамызда орналасқан «Ақ Орда», «Бәйтерек», «Хан Шатыр» секілді көрікті ғимараттардың суреттерін салып, шығармашылыктарын шыңдай түсті. Сонымен қатар, бүлдіршіндер және мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, өлең оқып өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры Ж.Әубәкір мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Астана күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тілеп, алғыс хаттармен марапаттады.

![«Əзірет-Сұлтан» музейі Астана туған күнін тойлауды бастады.](https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xfa1/t31.0-8/13528601_1764043270518079_963224143676545295_o.jpg)

![«Əзірет-Сұлтан» музейі Астана туған күнін тойлауды бастады.](https://scontent.xx.fbcdn.net/t31.0-8/13584852_1764043373851402_4610805620017621554_o.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/eziret-s-ltan-muzeyi-astana-tu-an-k-nin-toylaudy-bastady-702038](https://yvision.kz/kk/post/eziret-s-ltan-muzeyi-astana-tu-an-k-nin-toylaudy-bastady-702038)