---
title: "EXPO-2017 көрмесінің билеттері сатылымға шықты"
description: "Елімізде өтетін халықаралық бірегей жоба EXPO-2017 көрмесін асыға күтіп жүргендерге жағымды жаңалық..."
author: "BerikSultan"
published: "2016-06-10T04:22:08+00:00"
modified: "2016-06-10T04:26:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/expo-2017-k-rmesini-biletteri-satylym-a-shy-ty-697055"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/expo-2017-k-rmesini-biletteri-satylym-a-shy-ty-697055/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# EXPO-2017 көрмесінің билеттері сатылымға шықты

> Елімізде өтетін халықаралық бірегей жоба EXPO-2017 көрмесін асыға күтіп жүргендерге жағымды жаңалық...

![EXPO-2017 көрмесінің билеттері сатылымға шықты](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/41s64PS6P89m127FJx81WhoIGcRRZ0.jpg)

Елімізде өтетін халықаралық бірегей жоба EXPO-2017 көрмесін асыға күтіп жүргендерге жағымды жаңалық. Көрмені көруге билет алу үшін, Астанаға барып, кассаның ұзын-сонар кезегінде тұрмасаңыз да болады. EXPO-2017 көрмесіне онлайн билет алу жүйесі іске қосылды. Билет құны 4000 теңгеден басталады. Егер билетті 10-20 маусым аралығында сатып алсаңыз 50 % жеңілдік, 21-31 маусым аралығында алсаңыз 30%, 1-10 шілде аралығында 20% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар ойынына қатысуға мүмкіндік аласыз. Айтпақшы, ҰОС ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне КӨРМЕге кіру тегін. 6 жасқа толмаған балаларыңызға да көрмені тегін аралатып, селфиге түсуге болады. 89 елдің мықтылары қатысатын халықаралық көрмені шетелдіктер келіп көреміз деп отырғанда, өзіміздің ауылдағы ата-апаларды көрмеге алып бару маған міндет :) Сол үшін жеңілдікпен ертерек билет алып қою керек. Олар да тарихи оқиғаның куәсі болуы керек деп шештім. Билет алу үшін төмендегі сілтемеге өтесіз

[www.tickets.expo2017astana.com/kk](https://tickets.expo2017astana.com/kk)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/expo-2017-k-rmesini-biletteri-satylym-a-shy-ty-697055](https://yvision.kz/kk/post/expo-2017-k-rmesini-biletteri-satylym-a-shy-ty-697055)