---
title: "Exit-pool: «Нұр Отан» 82% дауыс жинады"
description: "Орталық коммуникациялар қызметінде «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қоры..."
author: "arshatorazov"
published: "2016-03-21T03:59:16+00:00"
modified: "2016-03-21T03:59:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/exit-pool-n-r-otan-82-dauys-zhinady-684819"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/exit-pool-n-r-otan-82-dauys-zhinady-684819/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Exit-pool: «Нұр Отан» 82% дауыс жинады

> Орталық коммуникациялар қызметінде «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қоры...

Орталық коммуникациялар қызметінде «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қорытындысы жарияланды.

Институт директоры Юлия Ку­чинская 2016 жылғы сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындысы бо­йынша еліміздің 3 cаяси партиясы 7 пайыздан артық дауыс жинағанын мә­лімдеді.

Оның сөзінше, Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясы – 82, Қазақстан Ком­мунистік Халық партиясы – 7,17, «Ақ жол» демократиялық партиясы 7,22 пайыз дауыспен өткен.

– Кезектен тыс өткен Парламент Мә­жілісі сайлауында «Бірлік» cаяси пар­тиясы – 0,35, ЖСДП – 1,21, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2,05 пайыз дауыс жинады. Де­мократия институты сайлауда жалпы­халықтық сауалнама жүргізді. Инсти­туттың зерттеуі еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларын қамтыды. Exit-poll таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін 750 сайлау учаскесінде ұйымдас­тырылды, – деді институт директоры.

Оның айтуынша, сауалнама нәтижесі ел азаматтарының Қазақстанды жаңғырту мен жаңартуға бағытталған саясатты қолдай­тындықтарын көрсетті.

Орталық коммуникациялар қызметінде «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қорытындысы жарияланды.Институт директоры Юлия Ку­чинская 2016 жылғы сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындысы бо­йынша еліміздің 3 cаяси партиясы 7 пайыздан артық дауыс жинағанын мә­лімдеді. Оның сөзінше, Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясы – 82, Қазақстан Ком­мунистік Халық партиясы – 7,17, «Ақ жол» демократиялық партиясы 7,22 пайыз дауыспен өткен. – Кезектен тыс өткен Парламент Мә­жілісі сайлауында «Бірлік» cаяси пар­тиясы – 0,35, ЖСДП – 1,21, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2,05 пайыз дауыс жинады. Де­мократия институты сайлауда жалпы­халықтық сауалнама жүргізді. Инсти­туттың зерттеуі еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларын қамтыды. Exit-poll таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін 750 сайлау учаскесінде ұйымдас­тырылды, – деді институт директоры.Оның айтуынша, сауалнама нәтижесі ел азаматтарының Қазақстанды жаңғырту мен жаңартуға бағытталған саясатты қолдай­тындықтарын көрсетті.

http://aikyn.kz/ru/news/show/21968-exit-pool_n_r_otan_82_dauys_zhinady

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/exit-pool-n-r-otan-82-dauys-zhinady-684819](https://yvision.kz/kk/post/exit-pool-n-r-otan-82-dauys-zhinady-684819)