---
title: "Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамодан» ұтылды"
description: "Қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа Лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында киевтік «Динамон..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-23T02:52:03+00:00"
modified: "2013-08-23T02:52:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasyny-matchynda-a-t-be-dinamodan-tyldy-370286"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasyny-matchynda-a-t-be-dinamodan-tyldy-370286/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамодан» ұтылды

> Қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа Лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында киевтік «Динамон...

[!\[Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамо\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/photo_29810-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/photo_29810.jpg)

Қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа Лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында киевтік «Динамоны» қабылдады, деп хабарлады [Vesti.kz](http://vesti.kz/).

Кездесудің алғашқы минутынан-ақ киевтіктер тарапынан күшті шабуыл басталды. «Динамолықтар» шапшаңырақ гол соғуға құшырланғаны байқалып тұрды. Жанкүйерлердің қызу қолдауына қарамастан, алаң иелері «шашыраңқы» ойнады. Осыны пайдаланған қонақтар 16-минутта Владимир Никитенко командасының сазайын берді.

Қақпаларына гол жіберіп алған ақтөбеліктер есін жинап, қауіпті шабуылдай бастады. Ойынның 37-ші минутында айып доптардың бірі қақпаға кірді. Бірінші қанаттан ұшқан Гейнрихтің добы Тремулиннің тізесіне тиіп қақпаға дөп түсті — 1:1. Ойынның екінші жартысына »Динамо» бар күшін салғандай. 51-ші минутта Идейе «Ақтөбенің» айып добын тұтып алып, Сидельниковтің жанынан өткізіп жіберді. Екінші голдан кейін ақтөбеліктердің ұнжырғалары түсіп кетті. Бес минуттен кейін Беланда «Динамоның » үшінші голын соқты. 66-минутта Арзуманянның оң қанаттан соққан добы Хайруллиннің аяғына тиді, бірақ Шовковский қайрат көрсете алмады — 2:3. Матчтын соңына қарай ойын шиеленісе түсті. Бірақ ойынның есебі өзгермеді — 3:2. Жауап матч 29 тамызда Киевте өтеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasyny-matchynda-a-t-be-dinamodan-tyldy-370286](https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasyny-matchynda-a-t-be-dinamodan-tyldy-370286)