---
title: "Еуропа Лигасындағы «Шахтердің» ойындарына кіру билеті 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады"
description: "Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасында кемінде үш ойынды өз алаңында елордалық «Астана Арена» стади..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-03T23:36:45+00:00"
modified: "2013-09-03T23:36:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasynda-y-shahterdi-oyyndaryna-kiru-bileti-1500-den-5000-te-gege-deyin-bolady-372307"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasynda-y-shahterdi-oyyndaryna-kiru-bileti-1500-den-5000-te-gege-deyin-bolady-372307/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еуропа Лигасындағы «Шахтердің» ойындарына кіру билеті 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады

> Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасында кемінде үш ойынды өз алаңында елордалық «Астана Арена» стади...

[!\[шахтер жанкуйелеры\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo_30318-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo_30318.jpg)

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасында кемінде үш ойынды өз алаңында елордалық «Астана Арена» стадионында өткізеді, деп хабарлайды [Sports.kz](http://sports.kz/news/stoimost-biletov-na-matchi-shahtera-v-lige-evropyi-budet-ot-1500-do-5000-tenge).

«Шахтердің» матчтарына кіру билетінің құны орта есеппен 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады», — деп жазады өзінің твиттердегі парақшасында ҚФФ атқарушы директоры Олжас Абраев.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылықтар бірінші ойынын 19 қыркүйекте Салоникида ПАОКқа қарсы өткізеді. Матч бос стадионда көрерменсіз өтеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasynda-y-shahterdi-oyyndaryna-kiru-bileti-1500-den-5000-te-gege-deyin-bolady-372307](https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasynda-y-shahterdi-oyyndaryna-kiru-bileti-1500-den-5000-te-gege-deyin-bolady-372307)