---
title: "Еуропа лигасы: Келесi кезеңде «Астана» футболшылары Хапоэльге қарсы тұрмақ"
description: "Қазақстанның «Астана» футбол клубы бүгiн Еуропа лигасының алғашқы раундында армениялық «Пюник» ко..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-07-11T01:15:45+00:00"
modified: "2014-07-11T01:15:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasy-kelesi-keze-de-astana-futbolshylary-hapoelge-arsy-t-rma-420966"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasy-kelesi-keze-de-astana-futbolshylary-hapoelge-arsy-t-rma-420966/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еуропа лигасы: Келесi кезеңде «Астана» футболшылары Хапоэльге қарсы тұрмақ

> Қазақстанның «Астана» футбол клубы бүгiн Еуропа лигасының алғашқы раундында армениялық «Пюник» ко...

[!\[Еуропа лигасы: Келесi кезеңде «Астана» футболшылары Хапоэльге қарсы тұрмақ\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/07/20140710211032-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/07/20140710211032.jpg)

Қазақстанның «Астана» футбол клубы бүгiн Еуропа лигасының алғашқы раундында армениялық «Пюник» командасын тiзе бүктiрдi.

«Астана Арена» стадионында өткен матч 2:0 есебiмен аяқталды. Гол авторлары: Бауыржан Жолшиев, Дмитрий Шомко. Ереванда өткен бiрiншi матчта «Астана» өз қарсыластарын 4:1 есебiмен ойсыратқан болатын. Осылайша, жалпы есеп бойынша — 6:1. Ендi команда Еуропа лигасының екiншi кезеңiнде Тель-Авивтiң «Хапоэль» клубымен ойнайды.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[Еуропа лигасы: Келесi кезеңде «Астана» футболшылары Хапоэльге қарсы тұрмақ\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasy-kelesi-keze-de-astana-futbolshylary-hapoelge-arsy-t-rma-420966](https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasy-kelesi-keze-de-astana-futbolshylary-hapoelge-arsy-t-rma-420966)