---
title: "Еуропа Лигасы. «Қайрат» клубы «Алашкертке» ұтылса да, келесі кезеңге өтті"
description: "Бүгін Армения астанасы Ереванда Еуропа Лигасы аясында «Алашкерт» пен алматылық «Қайрат» кездесіп, ал..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-23T08:10:00+00:00"
modified: "2015-08-05T08:12:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasy-ayrat-kluby-alashkertke-tylsa-da-kelesi-keze-ge-tti-524565"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasy-ayrat-kluby-alashkertke-tylsa-da-kelesi-keze-ge-tti-524565/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еуропа Лигасы. «Қайрат» клубы «Алашкертке» ұтылса да, келесі кезеңге өтті

> Бүгін Армения астанасы Ереванда Еуропа Лигасы аясында «Алашкерт» пен алматылық «Қайрат» кездесіп, ал...

Бүгін Армения астанасы Ереванда Еуропа Лигасы аясында «Алашкерт» пен алматылық «Қайрат» кездесіп, алаң иелері 1:2 есебімен жеңіске жетті.

![Еуропа Лигасы. «Қайрат» клубы «Алашкертке» ұтылса да, келесі кезеңге өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Az31TW0vxl6542BJuo76tMesZVY5HT.jpg)

Ойынның 28-ші минутында Арарат Аракелян («Алашкерт») есеп ашса, 1-ші тайм аяқталар кезде қайраттық Жерар Гоу гол соқты. Екінші таймда «Қайрат» қанша шабуылдағанымен ойынның соңында алашкерттік Эбер есепті 1:2 жеткізіп, командасына жеңіс әкелді.

Алматыда «Алашкертті» 3:0 есебімен жеңген «Қайрат» келесі кезеңде шотландияның «Абердин» командасымен кездеседі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasy-ayrat-kluby-alashkertke-tylsa-da-kelesi-keze-ge-tti-524565](https://yvision.kz/kk/post/europa-ligasy-ayrat-kluby-alashkertke-tylsa-da-kelesi-keze-ge-tti-524565)