---
title: "Еуропа, Азия, АҚШ және жақын шетелдің жетекші мамандары ҚР медицина кардрларын үздіксіз кәсіптік білім беру саласындағы мәселелерді талқылайтын болады"
description: "2014 жылғы 25-26-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Үздіксіз медициналық білім беру – медицина..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2014-09-17T03:35:30+00:00"
modified: "2014-09-17T03:35:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-aziya-a-sh-zh-ne-zha-yn-sheteldi-zhetekshi-mamandary-r-medicina-kardrlaryn-zdiksiz-k-siptik-b-429965"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/europa-aziya-a-sh-zh-ne-zha-yn-sheteldi-zhetekshi-mamandary-r-medicina-kardrlaryn-zdiksiz-k-siptik-b-429965/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еуропа, Азия, АҚШ және жақын шетелдің жетекші мамандары ҚР медицина кардрларын үздіксіз кәсіптік білім беру саласындағы мәселелерді талқылайтын болады

> 2014 жылғы 25-26-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Үздіксіз медициналық білім беру – медицина...

2014 жылғы 25-26-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Үздіксіз медициналық білім беру – медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының кепілі» атты алғашқы республикалық конференция өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ, бұрынғы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты), «Медицина кадрларын үздіксіз кәсіптік дамыту» қоғамдық қоры.

Конференция жұмысына Ұлыбритания, Финляндия, Корея, АҚШ, Түркия, Ресей, Белорусь және өзге де елдердің жетекші мамандары қатысады.

Конференция бағдарламасы медициналық-санитариялық алғашқы көмек, қан айналымы жүйесі аурулары, ана мен бала денсаулығын сақтау, онкологиялық қызмет саласындағы ҚР денсаулық сақтаудың басым міндеттерін шешу үшін дәрігерлер, мейіргерлер мен басқа да денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік дамудағы үлесі тұрғысынан қалыптасқан.

Маманда балалар неврологиясының өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, шеберлік кластар мен семинар-тренингтер, корей-шығыс медицинасы бойынша Корея-Орталық Азия форумы өтеді.

Халықаралық деңгейде денсаулық сақтау саласындағы күрделі мәселелердің кең талқылануы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және үздіксіз кәсіптік білім беру сапасын жетілдіру бойынша нақты қадамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/europa-aziya-a-sh-zh-ne-zha-yn-sheteldi-zhetekshi-mamandary-r-medicina-kardrlaryn-zdiksiz-k-siptik-b-429965](https://yvision.kz/kk/post/europa-aziya-a-sh-zh-ne-zha-yn-sheteldi-zhetekshi-mamandary-r-medicina-kardrlaryn-zdiksiz-k-siptik-b-429965)