---
title: "«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда Тараз қаласында өтеді"
description: "Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі Тараз қаласындағ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-15T22:25:58+00:00"
modified: "2015-09-15T22:25:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/euraziya-barysy-shinshi-haly-araly-turniri-9-azanda-taraz-alasynda-tedi-540920"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/euraziya-barysy-shinshi-haly-araly-turniri-9-azanda-taraz-alasynda-tedi-540920/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда Тараз қаласында өтеді

> Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі Тараз қаласындағ...

Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 9 қазанда сағат 11:00-де басталады, деп жазады ҚазАқпарат.

![«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда Тараз қаласында өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/psjb9go2vzZdmFXe6Ym9sF3TL70Nxk.jpg)

Турнирге Қазақстан, Грузия, Қырғыз елі, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан құрамаларының палуандары қатысады. Әр команда бапкер мен жеті палуаннан тұрады. Салмақ санаттары: 55, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келіге дейін.

«Еуразия Барысы» турнирінің телевизиялық көрсетілімі әлемнің 126 елінде миллондаған көрермендер алдында 7 сағат көрсетіледі. Турнирді халықаралық «ТРТ Аваз» (Түркия) және «Боец» (Ресей) арналары трансляциялайды.

Ал, Қазақстандық жанкүйерлер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/euraziya-barysy-shinshi-haly-araly-turniri-9-azanda-taraz-alasynda-tedi-540920](https://yvision.kz/kk/post/euraziya-barysy-shinshi-haly-araly-turniri-9-azanda-taraz-alasynda-tedi-540920)