---
title: "Этно-мәдени ұйымдардың өкілдері сыбайлас жемқорлықты бірауыздан айыптады"
description: "Ағымдағы жылдың 29наурызындаҚРМемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша депа..."
author: "StopCorruption"
published: "2016-03-31T04:29:32+00:00"
modified: "2016-03-31T04:29:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/etno-m-deni-yymdardy-kilderi-sybaylas-zhem-orly-ty-birauyzdan-ayyptady-686447"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/etno-m-deni-yymdardy-kilderi-sybaylas-zhem-orly-ty-birauyzdan-ayyptady-686447/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Этно-мәдени ұйымдардың өкілдері сыбайлас жемқорлықты бірауыздан айыптады

> Ағымдағы жылдың 29наурызындаҚРМемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша депа...

Ағымдағы жылдың **29наурызында**ҚРМемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен облыстық Достық үйі ғимаратында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, этно-мәдени ұйымдары және олардың жастар қанаттары өкілдеріне арналған қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты сұхбат алаңы өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі**Ербол Жұмабай**қатысушыларғажаңадан құрылған департаменттің мақсаты мен міндеттері, Қазақстан Республикасы Президентінің 30.11.2015ж. Жолдауы, Қазақстан Республикасының2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңының талаптары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысындағы азаматтардың құқықтары туралы түсіндіріп өтті.

Азаматтық қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ойларын ортаға салып, көкейіндегі сауалдарына жауап алды.

Іс-шара соңындақатысушыларына Министрліктің ресми [www.kyzmet.gov.kz](http://www.kyzmet.gov.kz/)сайты, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді .

 
 

**Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/etno-m-deni-yymdardy-kilderi-sybaylas-zhem-orly-ty-birauyzdan-ayyptady-686447](https://yvision.kz/kk/post/etno-m-deni-yymdardy-kilderi-sybaylas-zhem-orly-ty-birauyzdan-ayyptady-686447)